ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

17:15, 19 қараша 2020

Петропавлда екі жалдамалы-коммуналдық үй пайдалануға берілді. Көп жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 186 адам бүгін қоныс тойын тойлап жатыр. Олар толық емес отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, ауған соғысының ардагерлері және көп балалы отбасылар. 2020 жылы тұрғын үй құрылысына облыс бюджетінен 18 млрд.теңге жұмсалған, бұл 2019 жылмен салыстырған 1,5 есе көп. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жаңа пәтер иелерін құттықтады.  

Алмаз Шәріпов 11 жыл бұрын жетім бала ретінде баспанаға кезекке тұрған. Осы уақытта ол үйленіп, екі баланың әкесі атанған. Жылдар бойы жалдамалы үйлерді паналап, қыруар ақша жұмсаған. ал, бүгін қала тұрғыны екі бөлмелі пәтірге қол жеткізіп отыр. 

АЛМАЗ ШӘРІПОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ :

- 11 ЖЫЛ БОЙЫ ОЧЕРЕДЬТА ТҰРДЫҚ ҚОЙ, РИЗАМЫН. Қуаныштымын. Сенбей жатырмын әлі.1 бұрын коммисия жүреді айтты үлі боласыз деп. Акиматтан звондап айтты. Кеше көштік. Ремонт жасайын деп жатырмыз, ойлап жатырмыз.   

Бүгін Галина Шутова да баспаналы болып, көптен күткен арманына қол жеткізді. ол қоныс тойын 14 жыл күткен.

Первомайская көшесі бойыдағы жаңа ғимараттардың орнында былтыр ғана екі қабатты 4 апатты тұрғын үй болған. Тозығы жеткен пәтерлердің орнына, тұрғындар жаңа баспанаға ие болып отыр. Петропавлда соңғы 3 жылдың ішінде 1 мыңнан аса ескі, тозығы жеткен сұрықсыз үйлер сырылған.  Осының арқасында мыңдаған отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігіне ие болды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ :

КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА  үй тапсырылады 556 пәтір 130 көпбалалы аналар алатын болады. Бұл петропавл қаласында ғана емс, 5 районда болады.... 7 үй істеліп тұр келесі жылы да жалғасын табатын болады. Ш:Уілиханов көшелерін арасында үлкен спорт сарайын салып, парк болады. Келеекте өте жақсы ыңғайлы болатын болады.

Жалпы, облыста биыл 3 мың пәтер салынады, оның 625 пәтері мұқтаж азаматтарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Осылайша, 11 мың солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойлайды деп жоспарланған..  Өңірдегі 125 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Сондай-ақ, биыл аудандарда кезекте  тұрған облыс тұрғындарына арналып 7 көпқабатты үй салынды.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...