ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНУДА

17:54, 14 наурыз 2019

Өңірдегі 2-ші деңгейлі банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдауда. Осы күнге дейін 900-ден астам адамнан өтініш келіп түскен. Соның 69 пайызы бағдарламаның шарттарын орындауға келісіп, несие алуға ниет білдіріпті. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысы «Nur Otan» партиясының бақылауында. 

Биыл құрылыс басқармасының жоспары бойынша 851 пәтер қолданысқа берілуі керек. Тиісті ведомство өкілдерінің мәліметінше, Петропавл қаласы бойынша 522 отбасы баспаналы болады. 

ҚАЙРАТ МҰСТАФИН, СҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл «7-20-25» бағдарламасы бойынша жаңа үйлер беріледі. Аталмыш бағдарламаны өңірімізде жүзеге асыруға 7 банк ат салысуда. Осы күнге дейін 900-ден астам адамнан өтініш қабылдады. 69 пайызы заем алуға ниет білдірді.

Қазіргі таңда өтініш тапсырғандардың төлем қабілеті тексерілуде. 

ДИАС МЭЛС, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ РМК СҚФ ДИРЕКТОРЫ:

- Соңғы өзгерістерге сәйкес қала әкімдігі бұдан былай «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылған үйлерден «7-20-25» бағдарламасының қатысушысына пәтер үлестіре алады. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. тұрақты табысын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салық органдарында растағандар  ғана «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады. 

Қазіргі таңда облыс әкімдігі ипотекалық несиенің бастапқы жарнасын  20 пайыздан 10-ға дейін төмендету жағын қарастырып жатыр.  Ол субсидияға тек қана бюджетік ұйым қызметкерлері үміт арта алады.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...