ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «МӨҢКЕ БАЛЫҚ КҮНІ» ӨТЕДІ

20:50, 11 қыркүйек 2019

Облыс орталығында дәстүрлі мөңке балық күні өтпек.  Аталмыш шара қыркүйектің 14-і, демалыс күніне белгіленіп отыр. Қатысуға 50 адам ниет білдірді. Олар өзара балық аулаудан жарысқа түседі. Конкурстың талаптары мен шарттары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде  сөз болды. 

Мөңке балық күні өңірімізде осымен 4-ші мәрте аталып өтілейін деп отыр.  Жыл сайын үміткерлердің қатары артып келеді. Биыл ресейліктер де шараға қатысуға өтініш беріпті. Спикерлердің сөзінше, осыған ұқсас іс-шаралар өңірдегі туризмді дамытуға септігін тигізбек.  Мөңке балық күні таңғы 8-де басталады. Балықшыларға үш сағат беріледі. Осы уақыт ішінде қармағына көп балық іліккен жеңіске жетпек.  «Пестрое» көлі жағасында демалушыларға ойын-сауық шарасы мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Аспаздар балықты қуыру бойынша шеберлік сағатын өткізеді. 

ҚАНАТ ШАМСУТДИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Өңірдегі балық спортын дамыту жоспарда бар. Сондай-ақ, біз осы шара арқылы қоғамның назарын су ресурстары мен өзен-көлдердің экожүйесіне аудартқымыз келеді. Тұрғындар табиғатқа жанашырлықпен қараса дейміз. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНА ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛМЕК
17:57, 14 ақпан 2020
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНА ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ БЕ...
Толығырақ...
КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ
17:55, 14 ақпан 2020
КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 63 % ӘЙЕЛ АДАМДАР
17:54, 14 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 63 % ӘЙЕЛ АДАМДАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
13:05, 10 ақпан 2020
«ҚҰЛАГЕР» ХК ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...