ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ ӨЗЕНІ КӨТЕРІЛУДЕ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ОН КҮНДІК ҚАР ЖАУДЫ

21:18, 13 сәуір 2018

Петропавл қайтадан ақ ұлпа қарға оранды. Синоптиктер қар мөлшері он күндік жауын-шашын көлеміне тең екеніні айтып отыр.

Осыдан бірер күн бұрын Петропавлда ауа температурасы +12 °C-ге дейін жылынған еді. Жылы киімдерін жиып, көліктерінің дөңгелектерін жазғыға ауыстырып үлгерген қала тұрғындары үшін қалың қардың түсуі күтпеген жағдай болды. Мамандардың сөзінше бір түнде түскен қардың мөлшері 2-11 миллиметр аралығында. Солтүстік Қазақстан тарихында ең суық сәуір 1963 жылы тіркелген. Айдың 1-і күні ауа температурасы – 26,4 градус көрсеткен. Ал ең ыстық күн 1982 жылы 30-шы сәуірде болған екен, бұл күні термометр +31 градуске дейін көтерілген.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Алдағы тәулікте облыс бойынша жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, жел солтүстік батыстан 9-14 метр секундына, ауа температурасы +3, +8 кей жерлерде 13 градусқа дейін, күндіз 5 кей жерлерде 10 градус жылы болады. 15 сәуір облыс бойынша кей жерлерде аздаған жауын-шашын, 16 сәуірде жауын шашын, көктайғақ, тұман болады.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, жауын-шашын мөлшері, ауа райы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
21:03, 19 сәуір 2018
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖАСТАР АРАСЫНДА НАСИХАТТАУ
21:25, 18 сәуір 2018
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖАСТАР АРАСЫНДА НАСИХАТТАУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ
14:36, 17 сәуір 2018
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САМБОШЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...