Қуанышты хабар. Петропавл ауыр машина жасау зауыты бір аптадан кейін термос-вагондарының жаппай өндірісін бастайды. Ауыр жүк тасымалдағыштың осы түрімен ет, балық, көкөніс сияқты тез бүлінетін өнімдерді сапасын жоғалтпай алыс қашықтықарға жеткізуге болады. Жақында комиссия вагондарды қолданыста сынақтан өткізген екен. Нәтижесі ойдағыдай болған.
Бүгін актіге қол қойылды. 7 күнен кейін зауыт басшылығың қолына сертификат тиеді. Бұл термос-вагондарды көптеп шығаруға және экспорттауға рұқсат береді. Жергілікті кәсіпкерлерден әзір сұраныс түспеген. Сондықтан өнімнің алғашқы легі негізінен Ресей нарығына жөнелтілмекші. Әзірше, тез бүлінетін азық -түлік жүк көліктерімен тасымалданады. Камаздар кеденде көп тұрып қалады. Осыдан халықтық тұтынымдағы өнім сапасын жоғалтады. Термо-вагондарды көптеп қолданысқа енгізудің арқасында ұзын сонар мәселелерді шешуге болады дейді алыс-беріспен айналысатын мамандар.
МЕДЕТ ОСПАНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Бұл инвестиция жұмыс орнын көптеп құруға мүмкіндік береді. 300-ден артық адам тұрақты табыс алатын болады. Қазіргі таңда Алматы мен СҚО-сы аралығында тез бүлінетін өнімдердің дені негізінен камаздармен тасымалданады. Осы зауыт жылына 1 440 вагон шығаруды межелеп отыр. Өнімнің сапасын жоғалтпай, елдің кез-келген өңіріне жолдауға жақсы мүмкіндік алып отырмыз. ТМД елдеріне де тез бүлінетін тауарды еш алаңсыз экспорттайтын күн алыс емес.