ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНА ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛМЕК

17:57, 14 ақпан 2020

Биыл А. Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясына ұлы ақынның есімі берілмек. Бұл туралы   «Хәкім Абай даналығы»  атты салтанатты іс-шарада білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Сондай-ақ, осы күні   облыстағы барлық білім ордаларында   ұлы ақынға арналған  іс-шараларға бастау алды.

Бүгін облыстағы  барлық білім ордаларында ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай тәрбие сағаттары мен мерекелік концерттер ұйымдастырылды.  Биылға облыстық білім басқармасының   жоспары ауқымды. Қазақтың дара ақынына арнап өңіріміздегі әр мектепте Абай    орталықтары ашылмақ. Сонымен қатар, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне де ұлы ақынның есімі беріледі деп жоспарлануда.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жалпы бізде көптеген жоспарлар жоспарланып отыр. Ол жерде көптеген тәрбие сағаттары, викториналар, конкурстар, халықаралық форум бар қазақ тілі мұғалімдері арасында. Сонымен қатар, мұғалімдер арасында жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша білім басқармасының атынан кітап шығарайын дегебіз, Ол да үлкен бір іс-шараның бірі болады деп ойлаймыз.

Салтанатты шарада ұлы ақынның өлеңдері  мен қара сөздері оқылып, келушілер назарына театрландырылған қойылым  ұсынылды. Өңіріміздің зиялы қауым өкілдері   өскелең ұрпаққа өнеге болар тұшымды ойларымен  бөлісті.

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Абай есімін айтқан кезде қазақ дейміз. Қазақ дегеніміз Абай дейміз. Абайдың бойындағы барлық жақсы қасиеттер мен нақылдары, қара сөздері қазаққа жұқса екен дейміз. Себебі, Абайдың өмір сүрген олртасы осыдан 150 жыл бұрын болсада, сол кездегі қазақтың мінез-құлқындағы, салт-санасындағы жағдайлар әлі өзгерген жоқ.

Айта кетейік, биылғы жылдың басты жаңалығы - ұлы ақынның мерейтойына орай Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясына Абайдың есімі берілмек. Қазір дайындық құжаттары әзірлеріп жатыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...