ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ПЛАСТИК КӘДЕГЕ ЖАРАТЫЛАДЫ

20:42, 1 қараша 2019

Облыс орталығында «Қоршаған ортаны таза ұстап, жануарлардың өмірін сақтап қал» атты экологиялық акция өтіп жатыр. Шара аясында  еріктілер бөтелке қақпағының 7 келісін жинады. Оны қатты қалдықты қабылдайтын бекетке тапсырды. 

Қазіргі таңда Петропавл қаласы бойынша 5 бірдей қабылдау пункті жұмыс істейді. 1 келі пластикалық бөтелкеге -40 теңге, қақпақтарына – 50 теңге береді. Мұны шаһарлықтар ақша үшін емес, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау амалымен жасайды. Еріктілер экологиялық акцияға барлық солтүстікқазақстандықтың атсалысқанын қалайды.  Маңызды іс-шараға «Вторсырье» және «Радуга» компаниялары қолдау көрсеткен. Жиналған бөтелке қақпақтары пластик өңдейтін зауытқа жөнелтіледі.  Одан түскен қаражат  жануарлар паналайтын орталықтың жеке шотына аударылады.

ВИКТОРИЯ ПЕШЕХОДЬКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Теңіз, өзен-көлдер жалпы жер шары қатты қалдықтармен ластанып жатыр. Жануарлардың биоалуандылығына кесірі тиді. Бұл мәселе әлем елдерін алаңдатып отыр. Жабайы жануарлардың өміріне нұқсан келмесін деген тілегім бар. Осы жолда бәріміз жұмыла әрекет етейік. Бүгінде пласиктерді қабылдайтын бекет Сокол, Корона,  Привокзальный, Еуразия сауда үйлерінің ауласында орналасқан. 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНА ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛМЕК
17:57, 14 ақпан 2020
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНА ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ЕСІМІ БЕ...
Толығырақ...
КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ
17:55, 14 ақпан 2020
КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 63 % ӘЙЕЛ АДАМДАР
17:54, 14 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 63 % ӘЙЕЛ АДАМДАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
13:05, 10 ақпан 2020
«ҚҰЛАГЕР» ХК ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...