ШҰҒЫЛ! ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

18:00, 17 қаңтар 2020

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында өңір полицейлері тұрғындарды қабылдады. Тікелей эфир арқылы әлеуметтік желілерге шыққан тәртіп сақшыларына халық онлайн сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Аталмыш науқан аудандарда да жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Шетелде есепте тұрған автокөліктерді ел аумағында пайдалану тәртібі – көпті қызықтырған өзекті мәселелердің бірі. Облыс аумағында да Ресей, Қырғызстан мен Арменияның нөмірерін таққан көліктерді жиі кездестіруге болады. Олардың болашағы не болмақ? Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың дені осыған саяды.  

МӘДИНА БАЛҒАШОҚОВА, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Сәлеметсіз бе. Ресей азаматы ҚР аумағында өз  көлігімен қанша уақыт бола алады. Айталық азаматтың бір жылдық еңбек келісімшарты бар.

АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:

- РФ азаматы Кеден одағына сәйкес көлік құралын ешқандай кедергісіз пайдалана алады.

Егер ел азаматы сырттан көлік сатып алатын болса, 10 жұмыс күні ішінде міндетті түрде тіркеуі керек. Оған қоса барлық тиісті баж салықтарын төлеуі шарт.

ИВАН ШМАТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Мен интернет желісінен өзге елдің есебінде тұрған көлік иелеріне айыппұл салады немесе Қазақстан аумағынан шығарады дегенді оқыдым. Үрейім ұшып осы сұраққа жауап аулға келдім. Полицейлердің айтуынша алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені темір тұлпарым Ресейдің есебінде тұр.

Қабылдауда көтерілген тағы бір мәселе көлікті мас күйде жүргізу мен оған кесілетін жаза түрлеріне қатысты болды.

БОЛАТ ЖЕКСЕНБИНОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Осыған дейін рөлге мас күйде отырған азаматтарға қатысты әкімшілік кодекстің бабы бойынша 3 жылға жүргізушілік құқығынан айыру жазасы кесілетін. Ал осы жылдан бастап спиттік ішімдік ішіп көлік басқарғандар 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылады.

«Жолда қабылдау» акциясы осымен 10-шы рет өткізіліп отыр. Бұған дейін полицейлерге өңір тұрғындарынан төрт мыңға жуық сұрақ келіп түскен. Тәртіп сақшыларының атйуынша халық жолдаған сауалдардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕЗЕКТЕ ТҰРМАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
17:15, 18 қыркүйек 2020
КЕЗЕКТЕ ТҰРМАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИГЕРІП ЖАТЫР
13:03, 18 қыркүйек 2020
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ  ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
20:31, 14 қыркүйек 2020
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...