ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

«ПРЕЗИДЕНТ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ

17:50, 25 сәуір 2019

Жергілікті облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясы «Nur Otan» партиясының19 –шы кезектен тыс съезінің шешіміне қолдау білдірді.  Жерлестеріміз  ішкі және сыртқы тұрақтылықты тең  ұстайтын мықты саясаткерге дауысымызды береміз деп отыр.

Облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдері «Nur Otan» партиясының19 –шы кезектен тыс съезінің шешіміне қолдау білдірді.  Елбасының ұсынысын қалалық ардагерлер кеңесі де құптап отыр. Жерлестеріміз  ішкі және сыртқы тұрақтылықты тең  ұстайтын мықты саясаткерге дауысымызды береміз деп отыр.

ИМАНҒАЛИ ТӘТТІБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елбасының салған сарабдал сара жолын жалғастырамын деп өзі де айтып өткен болатын. Әлеуметтік жағдайға, экономика мен сыртқы саясатты жақсартуға бар күшін салатын сияқты көрінеді. Халықтың қамын ойлайтын, шыншыл, әділ Президент болады ғой деп ойлаймын. 

Маусымның 9-ына белгіленген кезектен тыс Президент сайлауына дайындық басталып кетті. Қазіргі таңда елдегі партиялар президентікке өз кандидаттарын ұсынып жатыр.Халық арасында ақпараттық-түсінідіру жұмыстары белең алған. Заңгерлер маңызды саяси науқанның конституциялық заңдарға сәйкес өтіп жатқанын айтады. 

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «URPAQ» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

- Конституцияның 41-бабы бойынша, ҚР туған, елде тұрған. Жасы 40-тан асқан. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген. Өзінің жоғары білімі бар.  Мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл еңбек еткен тұлға ҚР Президенті болатын мүмкіндігі бар.

Заң бойынша, 18 жастан асқанотандасымыз  конституциялық құқығын пайдалана отырып, өзі дұрыс деп тапқан үміткерген дауысын бере алады. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
18:00, 10 желтоқсан 2019
ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
Толығырақ...
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
17:53, 10 желтоқсан 2019
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...