ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ҚҰРЫЛАДЫ

13:04, 6 қыркүйек 2019

Түрлі салада жетістіктерге жетіп, өздерін жақсы қырынан көрсеткен жастар президенттік кадрлық резевке тұра алады. Болашақта олар жоғары саяси және Ұлттық холдингар мен ірі компанияларды басқартын лауазымдарға тағайыдалады. Қыркүйектің бірінен бастап Қазақстан бойынша 2400 адамнан өтініш келіп түсті, оның 130-зы  тіркелуден өтті. Президенттік резервке өткісі келетінде айдың соңына дейін құжаттарын жібере алады.

Ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко үміткерлерге қойылатын талаптар  жайында айтып берді. Резервке  жасы 35 –тен аспаған, еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, Қазақстан азаматы алынады. Бір айта кететіні, үміткердің  орналасқан жері маңызды емес, тіпті шетелде жүрсе де бере алады. Құжаттардың барлығы онлайн арнайы құрылған сайт арқылы қабылданады. Іріктеу 4 кезеңнен тұрады.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бірінші кезең – үміткерлердің құжаттарын қабылдау мен жеке парақша құру. 12 қазан күні екінші кезеңде тестілеу өтеді. Одан сүрінбегендер көшбасшылық, стратегиялық ойлау  қабілеттін тексеретін кезеңде сыналады. Ол үшін үміткерлер эссе жазып әлеуметтік маңызы бар жобаларын қорғайды. Кейін соңғы 4-ші кезеңде сараптау комиссиясы қатысушылармен бетпе-бет тілдеседі. Осылайша резервке  300 адам қабылданады. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар