ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ПРОКУРОРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ЕСІРТКІ САУДАЛАП КЕЛГЕН САЙТ ЖАБЫЛДЫ

20:36, 19 ақпан 2019

Солтүстікқазақстандық прокурорлардың араласуымен ел аумағында есірткі саудалап келген сайт жабылды.  Бұл – арнайы жүргізілген мониторинг барысында белгілі болып отыр. Ал, бұл сайтты жарнамалаған сілтемелер Петропавл қаласындағы кейбір ғимараттардың қабырғаларынан табылды.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, республика аумағында еш кедергісіз жұмыс істеп келген Big24.cc сайтына кірушілерге «спайс», «амфетамин», «гаш», «мефедрон» сияқты есірткінің көптеген түрлерін сатып алу ұсынылады. Кейін «Bitcoin», «Litecoin», «Payeer» немесе «Qiwi» интернет-әмияны арқылы есеп айырысқаннан кейін сатып алушыға еліткіш заттың  қайда тығылғаны айтылады.  Сайттың жұмысын заңсыз деп тауып, ел аумағындағы қызметін тоқтату үшін және олардың өнімдерінің таралуына жол бермеу үшін облыстық прокуратура Петропавл қалалық сотына арызданды. Ақпанның 7-сі күні олардың арызы толығымен қанағаттандырылды.  Облыс прокурорлары осы сияқты заңсыз сайттарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастырмақ. Құқық қорғау органдары жауаптыларды анықтап, оларға тиісті жазаларын беруге мүдделі.

Тақырып бойынша материалдар

 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
17:27, 23 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақст...
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА АСТАНАМЕН ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛДЫ
20:12, 21 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА АСТАНАМЕН ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛДЫ
Толығырақ...
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ ТАРИХТА ҚАЛА БЕРЕДІ
20:10, 21 наурыз 2019
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ ТАРИХТА ҚАЛА БЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...