ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ

20:45, 13 ақпан 2020

Өткен жылы «Инвесторларды қорғау және қолдау жобасы аясында инвесторлармен 17 келісімшартқа қол қойылып, 60-тан аса өтініш келіп түскен. Бүгін антикор орталығында  «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы қорытындыланды.  Шараға инвесторлар мен кәсіпкерлер шақырылып, 2019 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды және аталмыш  жоба туралы басқа да кәсіп иелеріне жан-жақты ақпарат берілді.   Әріптесім жалғастырсын.

Кәсіпкерлік өзінің икемділігін, ұтқырлығын, нарықтық объективтілігін инновациялық экономикада өз орнын жедел іздестіру үшін пайдалануы тиіс. Мемлекет, өз кезегінде, кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы бизнес климаты мен жағдай жасайды. Осы қағиданы ұстанған облыстық антикор орталығы 2019 жылы жалпы құны 144 млрд тг асатын жобалар бойынша  17 келісім жасасып, кәсіпкерлердің заңды мүддесін қорғау үшін бағытталған жұмыстар атқарған.

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СКО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

БІЗбЕН КЕЛІСІМГЕ қол қойған кәсіпкерлерді біз 27/4 яғни күні-түні  олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайынбыз. Сонымен қатар оларды мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктер тарапынан бопсалап, ақша талап етіп, оның басқада заңды қызметіне заңсыз араласып жатса, онда біз келісімде барлығы көзедлген. Сонымен қатар, айта кететін жайт, кәсіпкердің өзі өз кезегінде өз қызметін парасатты адал заңды жүзеге асыру керек.

Алайда,   кәсіпкердің өзі шенеуніктерді   пара алуға итермелесе, департамент мамандары кәсіп иелерінің үстінен де  қылмыстық іс қозғауға мүмкіндіктері бар екендіктерін атап өтті.  Шара аясында, инвесторлар мен бизнесмендерге осы  және өзге де жобаға қатысты ережелер түсіндірілді. Кәсіпкерлер шешімін таба алмай жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

РУСЛАН АСАУБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰҢҒЫШ МЕДИА-ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ:

Қайрат Жәнібеков  атты шаруа иесі "Сыбаға" бағдарламасы арқылы 50 ірі қара сатып алды. Олар Словакия елінен қазан айында СҚО-ға жеткізілді.  Қолында малдардың денсаулығы жақсы деген құжат бар. 2019 жылдың желтоқсан айында кәсіпкерге облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалу комитеті атынан  ірі қараны ҚР аумағынан шығару керек деген хат келеді.  Не себептен мұндай жолға барғандары түсініксіз. Осы мәселемен барған жеріміз қалмады.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СКО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- Мәселе 2019 жылдан бері шешілмй келе жатса, неге бірден бізге келмедіңіз. Шынымен де, бұл жерде сұрақ өте көп.  Құжаттарды қарап шығуымыз қажет. Шенеуніктер тарапынан үлкен заңбұзушылықтар болып жатқан уақытта, мұндай жағдайлар қайталанбас үшін бұл мәселенің шешімін табуға тырысамыз.

Жиын соңында «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасының тиімділгін одан әрі арттыру мақсатында облыс әкімінің орынбасары, ұлттық кәсіпкерлер палатасының  төрағасы және департамен мамандары арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

1 МАУСЫМНАН БАСТАП БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ
13:05, 1 маусым 2020
1 МАУСЫМНАН БАСТАП БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар