ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

20:48, 21 қазан 2019

Адамның психологиялық денсаулығы оған қоршаған ортамен үйлесімде болуына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Жүйке жүйесінің тозуы қайғылы жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ бүгінде 7 мыңнан астам студент біліп алып жатыр. Биылғы оқу жылынан бастап мұнда психологиялық қызмет көрсету орталығы ашылды. Мамандар студенттер мен оқытушыларды қабылдап, түрлі күйзелістерден арылуға көмектеседі.  

Жаңа орта, қатарластарының түсінбеушілігі, қиын тапсырмалар, жауапсыз махаббат. Күйзеліске түсіретін себептер сан алуан болуы мүмкін. Осыған байланысты университетте кәсіби психологиялық қызмет ашылған. Орталықтың мақсаты:  студенттерге дер кезінде психологиялық көмек көрсету,  кеңес беру. Мамандардың көмегіне студенттер ғана емес, оқытушылар да жүгіне алады.

ПАВЕЛ МОИСЕЕВ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз әр жағдайды жан-жақтан талдап, келген адамның қандай ортаға түскенін, университетке дейін қандай жағдайда өскенін, қандай мәселелерге тап болғанын қарастырамыз. Бүгінгі студенттер ертең түрлі салада маңызды қызмет атқаратын мамандар. Олар жүктелген жауапкершілікті психологиялық жағынан көтере білуі керек.  

Психологиялық қызметтің мамандары әр студентпен жеке жұмыс істеп қана қоймай, топтарға да қызмет көрсетеді. 

 МӘДИНА АЛПЫСБАЕВА, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ:

- Көпшілік психологтарға баруға қорқады. Олар тек жүйке жүйесі бұзылған адамдармен ғана жұмыс істейді деп ойлайды.  Олай емес. Психологтар өмірде қиын жағдайға түскендерге кеңес беріп, күмәнданып жүргендерге шешім қабылдауға, қобалжып жүргендерге тынышталуға көмектеседі.

Тұйықталып қалмау, кез келген жағдайда оң шешім таба білу, айналадағы адамдармен көбірек қарым-қатынаста болу, өзіңе ұнайтын іспен айналысу. Депрессиядан шығу үшін мамандар осындай кеңес береді. Алайда, осының бәрі тиісті нәтиже бермесе, кәсіби маманның көмегіне жүгіну қажет.  

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...