ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

«QYZYLJAR ADALDYQ ALAN’Y» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17:55, 11 қаңтар 2019

Елбасының жолдауын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 25-ші желтоқсанында облыс орталығында «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсе ашылды. Осыған орай бүгін облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметтің төрағалық етуімен кеңсенің жұмысы бойынша өңірдің мемлекеттік органдарының басшыларымен кездесу өтті.

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының басты мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және азаматтардың  мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады. Айта кеткен жөн мұндай жұмыс Қазақстанның әрбір өңірінде жүргізіліп жатыр.

СЕРІК АЙДАРБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Өткен жылдың аяғында жобалық кеңсенің салтанатты ашылуына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары қатысқан болатын. Бүгін біз осы кеңсенің жұмыс істеу мәселесіне қатысты алғашқы іс-шара өткіздік. Оның шеңберінде басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту, халық үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында қоғамдық бақылауды жандандыру жөніндегі мәселелерді ортақ талқыға салдық.

2018 жылы елімізде сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша өткізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты білдіретін адамдардың саны 8,8 %-ға өскен екен. Ал біздің өңір тұрғындарының ойынша көбінесе бұл әлеуметтік зұлымдыққа денсаулық сақтау және білім беру салалары ұшырайды екен.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жақында денсаулық сақтау және білім беру салалары толықтай электронды форматта өтетін болады. Осы орайда бірқатар күрделі жұмыстар жүргізілуде. Балабақшалар мен мектептерге кезек мәселесі де жеңіл әрі еш қиындықсыз шешілетін болады деп күтілуде. 2019 жылы атқаратын жұмыстар да өте көп.

Қазіргі уақытта жобалық кеңседе 5 маман халық игілігіне қызмет етуде. Солардың бірі мәслихат депутаты және жастардың өкілі Екатерина Старостина. Жалпы  білім беру жүйесінде, мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда және құқық қорғау жүйесінде жұмыс істеп жүрген азаматтар өңіріміздің бірқатар мәселелерін шешу үшін еңбектенетін болады.

ЕКАТЕРИНА СТАРОСТИНА,  «QYZYLJAR ADALDYQ ALAN’Y»  КЕҢСЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жобалық кеңсе ашылмай тұрып біз Мемлекеттік бақару Академиясының жергілікті филиалында жобаларды басқару бойынша 3 күндік оқыту семинарынан өттік. Біз өз жұмысымызды бастап кеттік. Бірінші деңгейде ақпаратты жинап, өндейміз, талдау және есептеу жұмыстарын жүргіземіз.Одан кейін тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жасайтын боламыз.

Айта кеткен жөн СҚО ел бойынша жемқорлыққа аз баратын өңірлердің үштігіне енеді. Оған алдын-алу шараларалы сеп болуда. Кеңсенің қызметі шеңберінде әртүрлі салаларға бағытталған жобалық топтар құрылды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар