ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ӘЗІРЛІК

21:15, 14 маусым 2018

Дәстүрге айналған «Қазақстанның үздік тауары» Республикалық көрме-байқауына жергілікті кәсіпкерлер өздерінің үздік деген өнімдерін апаруға әзірлену үстінде. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында түрлі кәсіп иелерін қолдау және біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар өтті. Оған кәсіпорындардың өкілдерімен қоса конкурсқа қатысамын деп ниет білдірген бизнес иелерінің құжаттарын, материалдарын саралап, бағалайтын  сарапшылар  байқауға қатысты  өзгерістер мен жаңашылдықтар  туралы айтып берді.

Семинарда 30-ға жуық солтүстікқазақстандық кәсіпкер бас қосты. «Қазақстанның үздік тауары» атағына және Президенттің «Алтын сапа» сыйақысына біздің өнім лайықты деушілерге бизнеске қойылатын негізгі талаптар,өздерінің мықты және осал жақтарын қалай анықтауға болатындығы дәріс оқылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша осы жылдың жаңашылдығы ол кәсіпкерлерді материалдық ынталандыру яғни 1 миллион  теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ 2018 жылдан бастап кәсіпкерлер өз бақтарын «Алтын сапа» байқауындағы жаңа, төртінші «азық-түлік тауарларын  немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында сынай алмақ. 

ДАРХАН ҚАЛИЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдан бері «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауының ұйымдастырушысы болып табылады.2018 жылдан байқау-көрмеге жаңашылдықтар енгізілді.Бұл байқау алдымен өңірлік, сосын республикалық деңгейде өткізіледі.Өткен жылғы нәтижелер бойынша 2 кәсіпорын яғни «Казмясопродукт» және «Авагро» ЖШС республикалық сыйақыға ие болды.

Нарықта төсек-орын жабдықтарын әзірлеп, халық сұранысына ие болып жүргендеріне 2 жыл болған «Хайрутдинова» ЖК аталмыш байқауға былтыр  қатысқан.Алайда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған басқа да кәсіпкерлер өте мықты болды дейді.

ЮЛИЯ ХАЙРУТДИНОВА, «ХАЙРУТДИНОВА» ЖК ДИРЕКТОРЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ:

- Байқауға өткен жылы қатысқан болатынбыз. Қатты ұнады. Осы жылы өткен жылғы қателіктерді түзеп, жақсы дайындалып баруға ойымыз бар. Кәсіпорынымыз «Қазақстанның үздік тауары» байқауында бағын сынамақ. Әзірден өнімдерімізді жинастыра бастадық. Мысалы жастықтардың  тысын  Иванов қаласынан алдырттық. 

Омарташылықпен айналысып жүргендеріне 30 жылдан асқан Пилипушко отбасы да осы байқауға қатысуға ниет білдіріп отыр.Солтүстіктің барлық аймақтарынан бал жинайтын шаруа қожалығының меншігінде бүгінгі таңда 250 омарта бар. Кәсіпкерлердің назарына байқауға қатысу туралы өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғаспақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫНЫ
17:51, 20 қыркүйек 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПОРТТЫ СҮЙЕТІН  БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
22:12, 17 қыркүйек 2018
СПОРТТЫ СҮЙЕТІН БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Толығырақ...