ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

18:02, 1 қараша 2019

Елордада  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар- қоғам бірлігінің негізі» атты үшінші республикалық имамдар форумы өтті. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500 дін қызметкері қатысқан. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысынан 17 имам  бар.  Форум барысында «Жеті рухани қазық», «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері»  мен «Діни рәсімдер тізілімі» сынды бірқатар маңызды құжаттар қабылданды.

Осыған байланысты  «Қызылжар» орталық мешітінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған орталық мешіт жанынан ашылған «Әжелер мектебінің» мүшелері қатысып, имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды. Енді  өңірдің дін қызметкерлері  қараша айынның соңында Петропавлда облыстық имамдар форумын өткізуді жоспарлап отыр.

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- Негізгі басты тақырыбымыз әсіресе жастармен осы жеті рухани қазық имандылықтан басталған, әділеттілікпен аяқталған. Оның ішінде мәдениеттілігіміз, еңбексүйгіштілігіміз, отансүйгіштігіміз білімге үйрену тұрғысында осы басты назарда осы жеті рухани қазығымыз басты ұстаным болып және басты назарға алынатын осы жеті тақырыпты біз кеңінен насихаттап жүргіземіз.

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...