ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ БИЫЛ 28 РЕТ АТАЛЫП ӨТТІ

13:01, 30 қазан 2020

Рухани келісім күні биыл елімізде  28 жыл қатарынан тойланып келеді.  Елімізде бүгінде 17 конфесиия мен 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті тұрып жатыр. Атаулы датаға орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің дін өкілдері көшбасшыларымен кездесті.

Отаны бірдің-тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір.  Қазақстан  - тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері  ұлттық келісім идеясын ұстанып келеді.  Бүгінге дейін діні мен тілі әр түрлі ұлттардың бірлігі мен ынтымағы арқасында талай белес асырылып, еліміз жоғары жетістікке жетті. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов ислам, христиан және  католик діндерінің облыстағы көшбасшыларын жинап, өзекті мәселелрдің шешу жолдарын талқылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Тұрғындар арасында ізгілік пен рухани келісімді насихаттап жүргеніңіз үшін алғысымды білдіремін.  Сіздер жастар арасында нашақорлық,  алкоголизм сияқты індеттердің таралмауына сеп болып, отбасылық құндылықтарды, еңбекті насихаттап жүрсіздер. Өкінішке орай, әлі де дінге сенеміз деп, балаларға қауіпті вирустардан екпе жасатпай жүрген ата-аналар кездеседі. Осы және тағы басқа мәселелер бойынша бірлесе  жұмыс істеуіміз керек.

Құдайға құлшылық ету үшін міндетті түрде мешіт пен шіркеуге барудың қажеті жоқ.  Өңір басшысы дін өкілдерінің көшбасшыларына дінге сенушілердің арасында дұрыс түсіндіру жұмыстарын өткізіп, карантин кезінде көпшіліктің жиналуына жол бермегендері үшін алғысын білдірді. 

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ , «ҚЫЗЫЛЖАР» ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

 -  Карантин жағдайына байланысты барлығы да қатаң тәртіппен болды. Бүгінге дейін бірде бір мешітіміз карантин шараларын бұзған жоқ.  Оңайға соқпады әрине. Дәстүріміз бар.  Интернет мүмкіндігін тиімді пайдалана отырып,  уағыздарды онлайн режимге көшірдік.

ВЛАДИМИР, ПЕТРОПАВЛ ЖӘНЕ БУЛАЕВ ЕПАРХИЯСЫНЫҢ ЕПИСКОПЫ:

-  Біз «қазіргі қиын заманда» деп сөйлейміз. Бұл шындыққа жанаспайды. Құдайға шүкір, соғыс емес, аштық жоқ.  Керісінше тоқшылық заманы.   Уақытша келген вирус бұл біздің бірлігімізді, ынтымағымызды , күшімізді сынға алатын кез. Бұл кезеңді біз осы бірлігімізді сақтай отыра өткере аламыз. 

Жиын соңында өңір басшысы дін өкілдеріне  Ұлы Абайдың 175 жылдығына басып шығарылған жаңа кітаптарын сыйға тартты.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:40, 23 қараша 2020
78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
20:36, 23 қараша 2020
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
17:19, 23 қараша 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...