ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

20:40, 13 қыркүйек 2019

Тілдер апталығына орай ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының ұжымы «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінде  «Қазақстанның киелі жерлері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты-солтүстік өңірдің тарихи орындарымен балаларды таныстыру. Нұрбол Балғабеков толықтырады.

Бүгінгі күні облыста сакарлды картаға енген 25 тарихи мәдени орын бар. Оның ішіндегі Абылай хан резеденциясы, Қарасай мен Ағынтай мемориалдық кешені мен Ботай қонысы республикалық картаға кірген.  Шара барысында  оқушылар өңіріміздің тарихи орындарымен кеңінен танысты.
 

СВЕТЛАНА ШӘУКЕРОВА, ЛОРД ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ҮШІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл оқу орнында  «Бонус Лорд» бағдарламасы іске қосылған. оқу жылының соңында мектептің өміріне белсене ат салысқан және сабақ үлгерімі жақсы оқу озаттарынан арнайы сыйлық берілді.  Сонымен қатар,  50-ге жуық оқушы маусым айының басында Жамбыл ауданының тарихи орындарына саяхат жасады. Кездесу барысында олар  өздерінің түйген ойларымен бөлісті.

ОЛЕСЯ ЛЕМЗА, ОҚУШЫ:

- Біз Жамбыл ауданындағы Қожаберген жырау, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Иван Шухов секілді ұлы тұлғалардың музейлерінде болдық. КӨП ҚЫЗЫҚТЫ ТЫҢ МАҒЛҰМАТ АЛДЫҚ. Өткенді білмей, болашақ ЖОҚ ДЕЙДІ ҒОЙ. Сондықтан, терең тарихымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. 

Болашақта балалар өңіріміздің барлық тарихи орындарын аралауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысатын болады.


Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ШАРТ
20:30, 5 қараша 2019
ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ШАРТ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...