ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

САЙЛАУАЛДЫ ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

18:04, 20 мамыр 2019

9-шы маусым күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Осыған байланысты Орталық сайлау комитетінің мүшелері ел бойынша сайлауалды оқу семинарларын өткізіп жатыр. Бүгін олар саяси науқанның ашық, әрі әділ өтуін қамтамасыз ету және дауыс берудің тәртіптерін түсіндіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Жиынға облыстағы сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары жиналды. Сондай-ақ, шетелден келген халықаралық бақылаушылар да болды. Айта кету қажет, алдағы  Президент сайлауы кезінде  облыста 663 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

СӘБИЛА  МҰСТАФИНА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Өңірлік сайлау комиссияларының мүшелерінде сайлауды өткізу мен ұйымдастастыруға қатысты түрлі мәселер туындап жатыр. Жалпы сайлау тиісті ережелер бойынша жүргізіледі. Сайлау заңнамасында кейбір өзгерістер орын алды. Мысалы  2018 жылы үгіт насихат кезеңінде аймақтық сайлау комиссиясының өкілеттілігі кеңейтілді. Және сайлаушылардың тізімі едәуір ықшамдалды. Жалпы  сайлау таза, әрі әділ өтеді.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, 595 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ  ТӨРАҒАСЫ:

- Осындай жиналыстар арқылы  біз өзімізге сайлаудың таза өтуі үшін өзіміздің жұмысымыз бойынша тағы сондай мағлұматтар алдық. Жалпы біз сайлау учаскесінде екі мыңдай сайлаушылар бар. Өткен жылдағылармен салыстыратын болсақ, бізде сайлаушыларымыз өте белсенді. Әрбір қазақстандықтың өзінің болашағы үшін осы сайлауға келуге тиісті деп ойлаймын.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРАДЫ
18:04, 17 қазан 2019
ӨҢІР ШАРУАЛАРЫ ЕЛОРДАҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар