ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ!

20:43, 1 шілде 2019

Өткен демалыс күні Қызылжар ауданында қайғылы оқиға тіркеліп, бір адам суға кетті. Достарымен су басына көңіл көтеруге барған 31 жастағы азамат қауіпсіздік шараларын сақтамапты. Күннің ысуына байланысты демалысын жағажайда өткізетіндер көбейді. Осыған байланысты құтқарушылар тағы бір мәрте қауіпсіздік ережелерін еске салды. Қайда шомылған дұрыс және қандай ережелерді ұстанған жөн, тілшіміз тарқатсын.

Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Достарымен демалып отырып, суға секірген 31 жастағы азамат қайтіп су бетіне шықпаған.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОФИЦЕРІ:

- Демалыс күндері суға кеткен бір азаматтың өлімі тіркелді. Қызылжар ауданының Белое ауылының маңындағы котлаванда 1988 жылғы азамат суға батты. Облыста одан басқа төтенше жағдай тіркелген жоқ. Департамент қызметкерлері басқа да шомылатын орындарды аралап, алдын алу шараларын өткізді.

Құтқарушылар тек жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес береді. Олардың саны облыс бойынша 58. Бұл жерлерде су асты тазаланған, құтқарушылар кезекшілік етеді. Мәселен Пестрое көлін күн сайын 5 адам қадағалайды. Жедел қызметтегілер барлық керек-жарақпен қамтылған. Алайда суда кез-келген жағдай орын алуы мүмкін.

РАСУЛ ЖИЛЯЕВ, СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Кеше бір бала белгіленген жерден алыс жүзіп кетті. Аяқ сіңірі тартылып қалған болу керек, бір мезетте суға бата бастады. Медицина қызметінің құтқарушысы жағдайды байқап қалып, көмекке асықты. Баланы жағажайға шығарып, бірінші дәрігерлерік көмек көрсеттік.

Демалыс көңілді өтуі үшін ең алдымен қауіпсіздік шараларын ұмытпаған жөн.

- Белгіленген жерден алысқа жүзуге болмайды, құтқарушылар айтқан ережелерді сақтау керек.

- Мұнда құтқарушылар бар,Биыл жағажай жақсы жабдықталғанымен, құм аздау секілді.

Жедел-құтқару жасағы суда үнемі рейдтік шаралар жүргізеді. Алайда сақтансаң сақтармын дегенді естен шығармаған жөн.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
20:35, 9 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...