ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ

20:48, 26 наурыз 2020

Көктем келіп, өзен-көлдердегі мұз көбесі сөгіле бастады.  Балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шаһардың су қоймаларын аралап, рейд ұйымдастырды. Осындай рейдке біздің де түсірілім тобы қатысып қайтты.

Қалалық жағажайға балық аулауға келген тұрғындардың бірі Евгений Куминов. Ол мұз бетіне шықпас бұрын оның қалындығына мән береді. Ол үшін қауіпсіздік басты орында. Осы жолы да әдетінен жаңылмады.  Балық аулауды кәсіп еткен басқа азаматтар да құтқарушылар алдында төтенше жағдайға сақадай сай екенін көрсетті.

ЕВГЕНИЙ КУМИНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Балық аулаумен бала кезімнен айналысамын. Сондықтан қауіпсіздік ережелері  жадымда жатталып қалған.  Мұзға шыққан бетте, шатыр құрамыз. Ыстық шәй, құтқару жилеттері міндетті түрде болады. Балық аулауға жалғыз  шықпаймыз және жақындарымызға қайда кетіп бара жатқанымызды айтып кетеміз.

ТЖД мамандары күн сайын су қоймаларына 2 мәрте рейдтік іс-шара өткізіп тұрады. Алда құтқарушылар өздерінің жұмысын бұрынғыдан да күшейтпек. Себебі, күн жылынысымен өңірдің кей елді мекендерін су басу қаупі бар. 

АЛТАЙ ТЕЗЕКПАЕВ, ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Міне көктем кезі, мұздың жұқаланып, еріген уақыты. Артыңызда көріп отырғаныңыздай балықшылар балық аулап отырған сол кісілермен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қолдарына түйемелдер береміз. /2,10/ қазіргі мұздің қалыңдығы алдамшы болып келеді. Кейбір жерде 20 см болғанымен, мұздың структурасы бұзылған, түсі сұр болып келеді. Жақсы ұстайтынмұздың түсі көк, жылтыр болып келеді.

Құтқарушылардың мәліметінше, жыл басынан су айдындарында оқыс оқиға тіркелмеген.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ  КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
17:25, 4 маусым 2020
ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...