ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

20:44, 20 наурыз 2020

Петропавлда тұрғындарға коронавирустан сақтану жолдары мен аурудың алғашқы белгілері жайында жазылған ақпарат-парақшалар таратылып, аялдамаларға баннерлер ілінді. Сақтық шаралары жайында әріптесімнің материалы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті пандемия деп жарияланғаннан бері, тұрғындар арасында үрей бар. Халықтың медициналық маскалар мен дәрі-дәрмекке сұранысы артқан.  Алайда көпшілік мұндай жағдайда сабыр сақтап, дәрігерлердің ақыл-кеңесіне ден қойған жөн деген пікірде.

- Дүрлігудің қажеті жоқ. Тазалықты сақтау керек және гигиеналық талаптарды орындау қажет.

- Денсаулығымызға әрқайсысымыз жауаптымыз. Қарапайым сақтық шараларын қолданып, қоғамда үрей туғызбай дәйекті ақпаратқа сенуіміз қажет.

Ауруға шалдықтыңыз ба жоқ па?! Ақпарат жазылған парақшаларды еріктілер қаланың сауда үйлерінде тұрғындарға таратып, аялдамаларға баннерлерді ілді.

АЙНАГҮЛ ТҮМЕНЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Халықты коронавирус індеті жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында аялдамаларда ақпараттық пилондарды жайғастырдық. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам қажетті парақша таратылды. Күн сайын әлеуметтік желілерде вирустың алдын-алуға бағытталған ақпар беріледі.

Қауіпті індет және одан қорғану жолдары жайында жазылған жаднамалар алдағы күндері де Петропавл тұрғындарына таратылмақ.  

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...