ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТ ҮШІН КЕЛІСІМ-ШАРТ БҰЗЫЛДЫ

20:45, 14 ақпан 2020

Бүгін Петропавл әкімдігі қарды сапасыз тазалағаны үшін,  облыс орталығын абаттандыру элементтерін зақымдап, жолда апаттық жағдай туғызғаны үшін екі жол компаниясымен келісім-шарт бұзылғанын хабарлады. Жалпы, жыл басынан  бері қала сыртына 500 мың текше  метр қар шығарылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 350 мың текше метр болған екен. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қаланы ақ ұлпадан тазарту үшін тағы қандай жұмыстар атқарып жатқандығы жөнінде келесі бейнематериалда. 

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын ғаламторда көшелерде қар тазалау уақытында ағаштарды, жиектастарды зақымдау туралы видеотүсірілімдер петропавлдықтардың қызу талқысына түскен еді. Салдарынан, ТКШ бөлімінің мамандары, қалалық әкімдік және қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, 2 компаниямен келісім шартты бұзды. 5 кәсіпорынға жеті әкімшілік хаттама толтырылды. . Ал, өткен жылы әкімдік 4 серіктестікпен жұмысын тоқтатыпты.  

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Қазіргі таңда жеке секторлардағы қоршауларын бұзу, бордюрлар мен ағаштарды зақымдау сынды факттер кездесіп жатады. Мұндай факттер кездесіп жатса, тұрғындар бізге хабарласады. Біз өз тарапымыздан сол жерді қар тазартқан  серіктестестерге хаттама жазамыз. Серіктестік өз тарапынан зақымдаған жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша бізге хаттама жазып сол жұмыстарды қайта атқарады. Қарды тазалау жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін биыл қалалық әкімдік екі серіктестікпен өз жұмысын тоқтатты.

Бүгінгі таңда қаланы қардан тазарту жұмыстарымен 14 мекеме айналысады. Жұмыстар күнделікті кешкі сағат 8-ден, таңғы 6ға дейін атқарылады. Бұған, 100-ден аса техника бөлінген. Сондай-ақ жұмыстар күндізгі уақытта да жалғаса береді. Оны «Коммунхоз» мекемесінің 250 қызметкері атқаруда.    

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАЛА 9 СЕКТОРҒА БӨЛІНГЕН. Күнделікті сол жерлерде 14 мекеме жұмыстарды атқарады. Айта кету керек қаланың орталық көшелері, бензострой, ойқала, рабочий шағын аудандарындағы негізгі көшелер тазартылып жатыр. Ал ақпанның 25 была қарай жеке секторларға кіретін болады. Болуы мүмкін су тасқынын алдын алу үшін жеке секторлардағы барлық қар тазаланатын болады.

Сондай-ақ көше жолдарына көктайғаққа қарсы арнайы құм-тұз қоспасы шашылады.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...