ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

САУАТТЫ ҰЛТ

20:34, 8 тамыз 2019

Сауатты ұлт. Ел президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың сайлауды бағдарламасында білім саласына бірқатар міндеттер жүктелген. Мысалы 12 жылдық оқу жүйесіне көшу, мектеп бағдарламасына үштілділікті енгізіп, педагогтар мен тәрбиешілердің біліктіліктерін арттыру.

Бүгінгі таңда білім саласындағы   түйіткілді мәселенің бірі - үш ауысымдық оқу жүйесі. Оны шешу үшін қазірдің өзінде кешенді шаралар қолға алынды. Оған қоса мектепке дейін білім беру мекемелеріне балалар екі жастан қабылдана бастады. 25 балабақшада 2 – ден 6 жасқа дейінгі балалардың топтары құрылды. Ерекше балдырғандар да назардан тыс қалған жоқ, оларға арналып былтыр облыста үш сынып ашылды, жыл соңына дейін ресурстық орталық та  іске қосылады деген жоспар бар.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл саладағы шешілуі тиіс мәселе ол 3 ауысымдық оқу жүйесі. Қыркүйек айында 600 орынға шақталған жаңа мектеп ашылады, ал екінші тоқсанда Жас Өркен ықшам ауданында тағы бір білім ордасы оқушыларды қабылдамақ. Сондай – ақ 900 балаға арналған мектептің құрылысы да басталып кетті. Сондықтан бұл проблема алдағы бір – екі жылдың көлемінде өз шешімін таппақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар