ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

САУДА ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

17:15, 30 наурыз 2020

Елде төтенше жағдайдың жарияланғанына екі апта болды. Қауіпті індеттен сақтанудың бір жолы маска тағып, қарапайым гигиеналық талаптарды ұстанып, көп адам шоғырланған жерден алшақ болу. Мүмкіндік болып жатса үйден шықпау. Алайда, мұны түсінгендердің қатары өте сирек. Өткен демалыс күндері облыс орталығындағы сауда орындарында рейд өтті. Бұдан былай, медициналық маскасыз келген тұтынушыны шағын маркеттер мен азық-түлік дүкендеріне кіргізбейді. Әріптесім тарқатсын.

Қауіпсіздік шаралары туралы Үкімет үнемі айтып келеді, алайда маска тағу тәртібін елемейтін азаматтар бар. Сонымен қатар, сауда және интеграция, денсаулық сақтау министрлерінің бұйрығына сәйкес, аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда саттық орындарында санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтілуі тиіс. 

АЙНАГҮЛ МИЗАМБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Сауда объектілерінде, ол шағын маркеттер мен шағын азық-түлік дүкендерде міндетті түрде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер болуы тиіс, Осындай шағын дүкендерге келген сатып алушыларда медициналық маска болған бетте ғана қызмет көрсетілуі тиіс.  Ал, маскасыз келген азаматтарға  кәсіпорын басшысы қорғау маскасын беруі қажет. Сондай-ақ, короновирустың алдын алу және қорғану бойынша жадынама қағаздар тарату қажет.

Мына шағын азық-түлік дүкенінде ақпараттық плакат, қолды дезинфекциялау құралы бар, бірақ маскасыз келген сатып алушыға қызмет көрсетілді.

ФАГНАВЕЙ ВИЛЬДАНОВ, КӘСІПКЕР:

- У меня 100 человек в день зайдет, 100 масок мне покупать. Они должны ходить с масками. Они  в зал заходят и берут что надо. Бабушка что вы без масок ходите? 

Қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі – бұл кедергі емес. Бетперделерді қаланың түрлі тігін цехтары, кәсіпорындар тігеді. Ел президенті, министрлер және облыс әкімі халыққа жасаған үндеулерінде жеке гигиена туралы бірнеше мәрте айтқан болатын. Төтенше жағдайға азаматтардың көз қарасын өзгерту, рейдтің басты мақсаты. 

ЖАҚИЯ ӘБІЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- ҚР әкімшілік кодексінің ,, бабына сәйкес дүкендердің бастықтарына әкімшілік істер жиналып, олар сотқа жіберіледі. Осы іс бойынша тұлғалар ескертіледі. Және де әкімшілік айыппұл салынады. Және де 15 күн . тәулікке қамауға алынады.

Осы төтенше жағдайды сақтамағаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Біріншіден ескертіледі. 10 айлық әкімшілік айыппұл салынады және де 15 тәулік әкімшілік қамаға алынады.

Кәсіпкерлерге қатысты ұйымдастырылған рейд бұған дейін де өткен. Осы аралықта 4 бірдей кәсіп иесі әкімшілік жазаға тартылды.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰТҚАРУШЫЛАР РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ӨТКІЗУДЕ
20:43, 29 мамыр 2020
ҚҰТҚАРУШЫЛАР РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар