ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А. АЙМАҒАМБЕТОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР

17:56, 20 тамыз 2019

Бүгінде жиын-терім жұмыстары саяжайларда да қызған. Өңір тұрғындары ала жаздай маңдай терімен өсірген өнімдерін жинап, қысқы мезгілге азық қорын әзірлеуде. Ал артылған көкөніс пен жеміс-жидектерін қала базарларына апарып, өздері сатып жатыр. Биыл облыс әкімі саяжайшыларға арнап 300 орынды тегін бөлу жөнінде тапсырма берген болатын. Арна тілшісі Берік Қасен сауда орындарына барып, жағдайды бағамдап қайтты.

Қызанақ -400-500, картоп,қияр – 250, сарымсақ-80 теңге. Қала базарларында саяжайшылар өнімдерін осындай бағамен сатып жатыр.

ГАЛИНА ПУДОВИКОВА, САЯЖАЙШЫ:

- Көктемде саяжайымызды су басады. Оны қайта қалпына келтіремін. Тұқымды,тыңайтқыштарды ақшаға сатып аламын. Машақаты көп жұмыс. Тұқымын таңдап жүріп аламын. Күн сайын суарып, арам шөбін жұламын. Ұдайы күтімді қажет етеді. Сондықтан мен қып-қызыл еңбегімді арзанға бағаламаймын.

Тамара Кручинина да саяжайдан жинағанын арзанға сатып жатқан жоқ. Айтуынша, табиғи таза өнімге қашан да сұраныс жоғары. 

ТАМАРА КРУЧИНИНА, САЯЖАЙШЫ:

- Алғашқы күнім жақсы өтіп жатыр. Сауда көрігі қызды. Мұнда саяжайшыларға арнап ыңғайлы орындар дайындап қойыпты. Орындықтары мен үстелдері бар. Базар әкімшілігіне ризашылығымды жеткіземін. 

Шынымен, тұрғындар саяжай көкөністерін жақсы алып жатыр. Көпшілік денсаулығын ойлайды. Сырттан әкелінген өнімге күмәнмен қарайды. 

ЛЮДМИЛА КАПУСТИНА, ТҰТЫНУШЫ:

- Менің ойымша, саяжайда өсірілген көкөніс таза. Үйдегі балаларыма беруге қорықпаймын. Әрі оңтүстіктен жеткізілген көкөністерге қарағанда дәмдірек.

Саяжайдың өнімін сатып алу үшін ауылдан әдейілеп сапарлатып келгендер бар. Виктория М.Жұмабаев ауданының тұрғыны. Бойжеткен қысқа әзірлік қамын жасап жүр.

ВИКТОРИЯ ТАСКИНА, ТҰТЫНУШЫ:

- Мен қияр, қызанақ, сарымсақ сатып алдым. Көкөністерді өзім тұздаймын. Жыл сайын қалаға келіп, саяжай өнімін сатып аламын. Өзге өңірлер мен импортталғанын алмаймын. Адамның ағзасына экологиялық таза өнім қажет. 

Биыл облыс әкімі Қ Ақсақаловтың тапсырмасымен шаһар базарларында саяжайшыларға барлығы 350 орын бөлінді. «Океан»-да тұрғандар орындарына күн сайын 200 теңге төлейді. Дария базарының әкімшіліг 50 теңгеге артық алады. Ал Коммуналдық базарда орын тегін.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...