ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

СӘБИТ МҰҚАНОВ: ТҰЛҒА ЖӘНЕ МҰРА

20:50, 30 қазан 2020

Қозыбаев университетінде  С. Мұқановтың 120 жыл толуына орай «С. Мұқанов: тұлға және мұра» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілді. Жиында еліміздің және көрші мемлекеттердің зиялы қауым өкілдерінің жазушының тұлға ретіндегі бейнесі мен шығармаларына арнаған баяндамалары тыңдалды.  Сондай-ақ конференцияда Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов Алғыс хатты оқыды.  

Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, ақын, қоғам қайраткері, академик. Оның шығармалары әлем халықтарының  46 тіліне аударылған. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тербеген. Жазушы 20-ға тарта поэма, бірнеше повест пен роман, лирикалық өлеңдер, әңгіме очерктер мен 10-нан астам пьеса жазған. Қаламгердің биыл 120 жыл толуына орай Қозыбаев университетінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысушыларға облыс әкімі Құмар Ақсақалов алғыс хат жолдады.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Биылғы жыл ел тарихында маңызды орын алатын тұлғалар мен оқиғалардың мерейтойлық даталармен ерекшелетіндігі баршаға мәлім. Соның ішінде қазақ әдебиетінің классигі академик жазушы С. Мұқановтың 120 жылдығы. Мерейтой жылы біз Аққан жұлдыз романын жазушының 40 жылдан астам уақыттан бері жарық көрмеген сүйікті еңбектерінің бірі ретінде қайта шығардық. Мерей той жылы С. Мұқановтың мұрасын дәріптеу мақсатында облыстық кітапханадағы Сәбит конференц залы. Мұнда мәдени және ақпараттық іс шараларды өткізуге барлық жағдай жасалған. «С. Мұқанов: тұлға және мұра» ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ізгі тілекпен Қ. Ақсақалов.

Жазушының этнограф ғалым Ш. Уалихановтың өмірінен сыр шертетін «Аққан жұлдыз» романы, қазақ халқы бастан өткерген ірі төңкерістік кезеңдер бейнеленген «Ботагөз» романы,  махаббат мәселесін көтере отыра әлеуметтік мәні басым түйіндерді толғаған «Сұлушаш» дастаны ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл қазына. Бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қозыбаев университетінің профессоры, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ Зарқын Тайшыбай биыл жарыққа шыққан Сәбит Мұқановтың өмірінен сыр шертетін Құлбек Ергебектің «Келбет» туындысы жайында баяндады.

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, «KOZYBAYEV UNIVERSITY» ПРОФЕССОРЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ҰҒА АКАДЕМИГІ:

Биыл Сәбит жылы шыққан «Келбет» деген үлкен кітап. 800 беттік оның авторы Құлбек Ергебек деген ғалым доктор профессор. Сәбиттің шәкірті. Сәбит танушы. Сол кісінің кітабы . Жомарт Омаровтың қаржысына шыққан бірегей туынды. Қазақ жазушылары туралы жазылып шыққан алдыңғы легінен көрінетін әдеби мәдени шығарма. Жерлес сәбитімізді басқа қырынан даналық қырынан адамгершілігі жоғары адам болғандығын тануымыз керек.

Онлайн режиміде өткен конференцияда шет мемлекеттердің әдебиет жанашырлары  «С. Мұқановтың еңбектерінің насихатталуы», «С. Мұқанов және заман тынысы»,  «Жазушының еңбектерінің көркемдігі» тақырыптарында ғылыми баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар қаламгердің шығармашылығынан  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...