ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ САЙЛАНДЫ

20:55, 12 тамыз 2020

Петропавлда Сенат депутаттығына сайлау өтті. Халық қалаулысын сайлауға облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысып, өздерінің дауыстарын берді. Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттығына өңірімізден екі кандидат ұсынылды. Олар: Данголе Мугонова мен Ольга Перепечина. Сонымен кім көп дауыс жинады? Келесі бейнематериалымыздан білесіздер.

Дауыс беру учаскесі - оқушылар сарайының басты залы.  Өз таңдауын жасау үшін мұнда облыстық, аудандық қалалық мәслихаттардың депутаттары, барлығы 190-ға жуық адам жиналды.   Қалыптасқан жағдайға байланысты, сайлау барлық санитарлық  талаптар сақтала отырып өткізілді.

ИБРАГИМ ШАЙМЕРДЕНОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Сайлаудың қоғам, жұрттың алдында маңызы зор. Осы 6 жылда істелген еңбектердің нәтижесі бар. Алға қойған мақсатымыз, болашақтан үмітіміз зор...

Әр үш жыл сайын өтетін сайлауға биыл 5 кандидат ұсынылыпты. Олардың үшеуі тіркелген. Сайлау датасы жақындай бергенде тағы бір кандидат өз қалауымен тізімнен шыққан. Сонымен таңдау екі азаматқа түсті. Олар: «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мүшесі Данголе Могунова мен Сенаттағы депуттатық мерзімі аяқталған Ольга Перепечина.

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ –   ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

ауд(Сайлаушы ретінде 194 адам тіркелген болатын. Бүгінгі сайлауға оның 188-і қатысты. Сайлау процессін карантиндік талаптарға сай өткіздік. Барлық ережелер сақталған күйде, әділ түрде ұйымдастырылды. )

Сайлау біте салысымен, жиналғандар алдында арнайы жәшіктегі бюллетеньдер шығарылып саналып,  Данголе Могуноваға 23, Ольга Перепечинаға 162 адам дауыс бергені мәлім болды. Қарсыласынан айқын көрсеткішпен басым түскен Ольга Перепечина өзін қолдағандарға алғыс айтып, қызметін адал атқаратынына уәде берді.

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА – ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

ауд( Маған сеніп, дауыс бергендеріңізге алғыс айтамын. Сіздерді ұялтпаймын деп уәде етемін. Бар жиған тәжірибем мен осы кезге дейін алған біліміді қолдана отырып,  Қазақстанның дамуына үлес қосамын деп ойлаймын. Халқымыздың өмір сүру деңгейін көтеруге ат салысамын. )

 Сенат депутаты болып қайта сайланған Ольга Перепечина 1989 жылы Қорған ауылшаруашылық институтының «Экономика және ауылшаруашылық өндірісті ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...