ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУДЫҢ НӘТИЖЕСІ

20:45, 20 қыркүйек 2019

Өңірдің түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендерді ң  100-ге жуығы тұрақты еңбекпен қамтылған. Олардың барлығы кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген обьектілерде жұмыс істейді.  Негізінен бұл өндіріс ошақтары.  Бизнесмендер табыс тауып қана қоймай,  өзіне жүктелген талаптардың орындалуы жөнінде жыл сайын есеп береді.   

Петропавл қаласындағы әйелдер колониясында 88 жазасын өтеуші еңбек етеді. 164 /6 түзету мекемесі кәсіпкерлерге 5 объектісін сенімді басқаруға беріп, бүгін мұнда тігін цехі, ғимараттарды жөндеу қызметі,  көкөністер өсетін жылыжайлар орналасқан.  Жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін. Түскі үзіліс те қарастырылған. 

ҚАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, 164/6 ТҮЗЕТУ  МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еслямбек Ташенов Айыртау ауданындағы 164/8 түзету мекемесінде автокөлік жөндеу орталығын ашқан. Бүгін мұнда 8 адам еңбек етеді.  Олардың жалақысы істеген жұмыс көлеміне тікелей байланысты.   

ЕСЛЯМБЕК ТАШЕНОВ, КӘСІПКЕР:

- Бұл салада 1,5 жыл жұмыс істеймін. Сенімгерлік басқаруға мекемеден ғимарат алып, өз қаражатыма жөндедім. Түзету мекемесінің  басшылығы  барынша қолдау көрсетіп, бизнесімнің өрге басуына септігін тигізіп жүр. 

Сенімгерлік басқаруға түзету мекемелерінің 7 обьектісі кәсіпкерлерге берілген. Олардың жалпы аумағы  1800 шаршы метрді құрайды.

РИНАТ НИЗАМОВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

- Түзету мекемемелері 7 кәсіпкермен келісім шарт жасап, мекеме ішінде өндіріс, қызмет көрсету ошақтарын ашты.  Кәсіпкерлердің міндетіне сотталағандарды жұмыспен қамту, ғимаратты қалыпта ұстау, коммуналдық төлемдерді төлеп отыру кіреді.  

Бір айта кететіні бұл нысандар бизнесмендерге тегін беріледі. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН  АВТОПАРК АШЫЛДЫ
18:09, 20 қараша 2019
СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН АВТОПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар