ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

СЕРПІНДІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

18:02, 10 ақпан 2020

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де бүгінгі күні «Серпін» бағдарламасы арқылы 1000 - ға жуық студент білім алады.Өңірімізде  іс-сапармен жүрген  Түркістандық делегация осында оқып  жүрген жастардың тұрмыс-тіршілігімен  танысып,  жиын өткізді.  

Өңірге іс-сапармен келген Түркістан облысының мәслихат депутаты Дулат Әбіш Мамлют, Қызылжар мен Жамбыл аудандарына қоныс аударған  жерлестерімен кездесті.Олардың тұрмысымен танысып, өзінің жоғары бағасын берді.  Айта кетейік, елімізде 2014 жылы бастау алған «Серпін» бағдарламасының басты мақсаты, халқы тығыз  орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныстандыру, жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік,  шығыс аймақтарында оқытып, жұмысқа орналастыру.

ДУЛАТ ӘБІШ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- «Серпінде» оқып бітіргендер бітіреді да, еліне кетіп қалатын сияқты фактілер кездесіп жатады. Биылғы жылдан бастап бұл мәселе министрлік тарапынан түбегейлі шешіліп жатыр. Бұл жолға түскен, серпінді таңдаған жастар, біз кеше көрдік. Олардың көзінің оты жанып тұр. Олар осы елде қалсақ дейді. Осы елде өсіп-өнесек дейді.

«Серпін» бағдарламасы арқылы келген студенттер  2014 жылы тек педагогика мамандығына оқуға  түскен болса, 2015 жылдан бастап техникалық мамандықтарға да мемлекеттік грант бөліне бастаған. Қазіргі уақытта , облысымызда 987 студент «Серпін» бағдарламасы арқылы білім алса, олардың 560-ы оңтүстіктен келгендер.  Алдағы оқу жылына тағы 500 грант бөлініпті.Бағдәулет Қыдырбай тарих факультетінің 3 курс студенті. Болашақта солтүстікқазақстанда  қалып, еңбек етсем деген ниеті бар.

БАҚДӘУЛЕТ ҚЫДЫРБАЙ, СТУДЕНТ:

- Университет көптеген жағдайлар жасап жатыр. Жатахана барлығы жастар үшін жайлы. Серпінмен түскен студенттерге тіл үйренуге, тағыда басқа қырларымыздан танылуға осы қана бізге көп септігін тигізуде.

Түркістандық мамандардың еліміздің Солтүстік, Шығыс, Павлодар мен Қостанай облыстарында «Серпін» бағдарламасы арқылы білім алып жатқан студенттермен кездесуді дәстүрге айналдырсақ деген ниеттері бар екен. Биылғы іс-сапарларын киелі Қызылжар өңірінен бастапты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...