ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

20:35, 11 қыркүйек 2020

Уалиханов ауданындағы тұз өндіретін компания жұмысын бастай алмай отыр. Облыстағы интернет басылымдардың бірінің тілшісі, «Жақсы Тұз» ЖШС аудандағы көлдердің бірінен тұз өндірсе қоршаған ортаға зиян келтіреді, сондай-ақ халық түрлі ауруларға шалдығады деп материал жазған. Одан бөлек жыл басынан шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың 10 дерегі анықталды. «Антикор» орталығында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ис-қимыл департаменті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің қатысуымен кәсіпкерлердің мәселелері кеңінен қаралды.

Бұл Уалиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылының маңайында орналасқан «Теке көлі» .  «Бүгінге дейін оны «Evraz Development Group» ЖШС балық аулаймыз деп пайдаланып келіпті. Дегенмен олардың аулағаны балық емес, шаян екен. Жаппай шаян аулап көлдің суы едәуір тартылып қалды, енді оны бізден көріп отыр дейді», – «Жақсы Тұз» серіктестігі директорының орынбасары Самат Сәрсекеев. Жығылғанға жұдырық демекші: жақында облыстағы интернет басылымдардың бірі көлді пайдаланса қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына зиян келтіреді деген мақала жазған.

САМАТ СӘРСЕКЕЕВ, «ЖАҚСЫ ТҰЗ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Назаренко деген тілші «Насолили» деген мақала жазыпты. Ол мақаланы сол елдімекеннің тұрғындары әлеуметтік желіге таратып жіберген. 03:40 Біз тексеріс жүргізіп, тұрғындармен тілдескенде олар өздерінің назарылықтарын білдірді. Олардан қайдан алдыңыздар бұл мәліметті дегенде сол мақаланы оқығандықтарын жеткізді. Негізі сол материалдың авторымен сөйлесіп едік, неге олай жазғандығы жайлы мардымды жауап айталмады. Бізде экологиялық зерттеулер мен келісім, барлық құжаттар дайын. 

Бүгінгі таңда тұз өндіру жұмыстарын бастауға серіктестік дайын. Түркия елінің инвесторлары 5 млн доллар құюды жоспарлап отыр. Алдын ала болжам бойынша Кішкенекөл ауылының маңындағы «Теке» көлінде 43 млн тонна тұз бар. Кәсіпкерлер жылына 100 мың тоннадан өндірмекші.

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жақсы тұз мәселесі бұрыннан келе жатқан мәселесі. Біздің бірігіп жұмыс атқарып жатқанымызға енді ғана бір жыл болды. Инвесторлар шағымданды осы мәселеге қатысты. Мәселе қазір жер қатынастары басқармасымен шешілді. Оларға сол жерді беруге қаулы бар.

Жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 26,322 млрд теңгенің инвестициясын қорғау бойынша 8 инвестормен келісімшартқа отырған. Жалпы, қаңтар айынан бері өңір бойынша шағын және орта бизнеске қол сұғу және заңсыз араласудың 10 дерегі анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...