ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

«ШАҢЫРАҚ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУҒА ОБЛЫСТЫҢ 190 ТҰРҒЫНЫ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

17:19, 17 қыркүйек 2020

«Шаңырақ» немесе «5-10-20» бағдарламасы арқылы баспаналы болам деушілердің тізімі кеңейтілді. Енді 1986-2015 жылдар аралығында пәтер кезегіне тұрғандарға несие алу үшін конкурстарға қатысуға мүмкіндік берілді.  1 айдың ішінде тың жоба бойынша облыстың 190 тұрғынынан өтініш түсті. Қандай үйлер жеңілдетілген ипотекамен беріледі және кім бұл мүмкіндікті пайдалана алады? Сұрақтардың жауабын әріптесім Аманжол Нұртазин анықтады    

ТАМЕРЛАН МОЛЬДИНОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ СҚОФ КЕҢЕСШІ-ӘКІМГЕРІ:

Банкіміздің сайтына кіріп, «Шаңырақ» бағдарламасының толығырақ деген жазуына басып, жеке куәліктің идентификациялық нөмірін теріп, ұялы телефонымызды енгіземіз. Осылайша, қатысуға өтініш білдіресіз. Сол мезетте қатысуға бола ма әлде жоқ па екені жайлы ақпарат беріледі.

Осындай тез әрі оңай әдіспен облыс тұрғындары «5-10-20» бағдарламасының байқауына қатысуға өтініш бере алады. «Шаңырақ» пилоттық жобасы алғашында 1986-2010 жылдар аралығында пәтер кезегіне тұрғандарға қарастырылған еді. Енді қыркүйектің 17-нен бастап, бұл бағдарламаға ілігетіндердің тізімі кеңейтілді.     

АЛМАС ЖАПАБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгіннен бастап қазанның 16-на дейін «Шаңырақ» пилоттық жобасына тұрғындар өтініштерін бере алады. Байқау тек 1986 жылдан 2015 жылдың соңына дейін пәтер кезегіне тұрғандарға  қарастырылған. Ол шамамен 5111 адамды құрап отыр.

«Шаңырақ» жобасының іске қосылуымен облыстың 190 тұрғыны «5-10-20» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді. Бүгінде 18-нің несиеге өтініштері қабылданды. Ипотека алам деушілердің табыстары расталғаннан соң, азаматтарға жаңа салынған үйден пәтер іздеуге 2 ай уақыт беріледі.  

АЛМАС ЖАПАБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Байқауға, қатысушылар тек жаңа үйлерден, 12 млн теңгеге дейін бағаланған баспананы ұсына алады. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылғандар бұл тізімге кіреді. Не жеке компанияның үйлерінен пәтер алуға құқылы. Бір шаршы метрдің құны 160 мыңнан аспауы қажет. Петропавлда «Шаңырақ» жобасы аясында 3 үй салынып жатыр. Оның біреуі - 108 пәтерлі баспана. Мұнда құрылыс жұмыстары 70 процентке орындалды. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 390 млрд теңге бөлінді. Оның 210 млрды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» несиеге берілмек.

Қалған 180 млрд теңге көпқабатты баспаналардың құрылысына жұмсалмақ. Бүгінде 6 млрды облыс бюджетіне түсті.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...