ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

17:59, 17 шілде 2019

 Төтенше жағдайлар қызметі саласында еңбек ететіндердің жұмысы оңай емес. Бастарын күнде қауіп-қатерге тігеді.  Алайда, өз қызметтік міндеттерінен бөлек  сүйікті істерімен айналысатындардың да қарасы қалың.  Солардың бірі - №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Әділбек  Некібаев. Маманның жасаған ерекше альбомы, қазіргі таңда,  ҚР ІІМ ТЖ комитетінің музейінде сақталып тұр. Ол қандай альбам? Келесі сюжеттен біле аласыздар.

Өрт сөндіру көлігі оқиға орнына қаншалықты тез жететіндігі жүргізушінің біліктілігіне байланысты.  Осындай кәсіпқойлардың бірі №3 өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет етеді.  

ӘДІЛБЕК НЕКІБАЕВ, №3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ЖҮРГІЗУШІ-ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Көпқабатты үйлердің ауласына кіру өте қиын. өте тар, сонымен қатар тұрғындар көліктерін аулаларға қояды, үлкен көлікпен сырып кетембе деп қорқамын. Немесе оқиға орнына жедел түрде жету қажет болғанда, көп жағдайда жеңіл көлік жүргізушелері жол бермейді. Осындай қиыншылықтар болып тұрады. 

№3 өрт сөндіру бөлімшесі «Ең үздік өрт сөндіру бөлімі» атты республикалық байқауының жыл сайынғы қатысушысы.  Сайыста әр аймақ жеке құрамның кәсіби шеберліктерін көрсетіп, бөлімшені ерекше етіп таныстыру қажет. Аталмыш байқауда Әділбек Некібаев жұмыс орнын дабыл түймесінің мүсінін жасау арықылы таныстырған.

ӘДІЛБЕК НЕКІБАЕВ, №3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ЖҮРГІЗУШІ-ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Мына үлкейтілген дабыл түймесін екі күнде жасадым. Қаңқасы ағаштан, содан соң қызыл түсті барқыт матасымен қаптадым. Қораптың ішінде №3 өрт сөндіру бөлімі жайлы альбом бар.  Бұл жұмыс көп еңбекті талап етеді.  Шынымды айтсам, өзімнің жұмысымды жоғары бағалаймын.  Республика бойынша үш жыл қатарынан  үшінші орынды иеленіп келеміз.

Айта кеткен жөн, шебердің бұған дейін жасаған өнер туындылары ҚР ІІМ ТЖ комитетінің  музейінде сақталған.  Әділбек Некібаев келер жылда да «Ең үздік өрт сөндіру бөлімі» атты республикалық байқауда өз шеберлігімен өзгені таңғалдырмақ. Бірақ, келесі жолы жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлауды мақсат етіп отыр.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...