ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

«ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ТІРКЕУ» ТҮСІНІГІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖОЙЫЛАДЫ

18:02, 16 қаңтар 2020

Елдегі көші-қон саясатын модернизациялау арқылы туристік және инвестициялық қызығушылықты арттыру туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде атап өткен болатын.  Осылайша, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көші-қон заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес, бұдан былай «шетелдіктерді тіркеу» түсінігі толығымен жойылды. Бұл заңнамада тағы қандай өзгерістер бар, арна тілшісінің бейнематериалында.

Жаңа заңға сәйкес, шетелден келген азаматтар 30 күнтізбелік күн тіркеусіз Қазақстан аумағында болуға рұқсат алып отыр.  Сонымен қатар, шекарада бұрынғыдай көші-қон карточкасын толтырудың қажеті жоқ, бұл жүйе мүлдем айналымнан алынып тасталады.  Келген адамның  паспортына мөр қойылып, елге кірген күні белгіленеді.  Шекаралық бақылау органдарынан өткен кезден бастап автоматты түрде  30 күндік мерзімі санала бастайды.

СӘБИТ ЖҮСІПОВ, КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Осы міндет заң бойынша  қабылдайтын жаққа жүктелінеді және қабылдайтын жақ шетелдіктерді болу туралы 3 күннің ішінде көші-қон қызметшілеріне хабарландыру  міндеттті болып келеді. Хабарламаған жағдайда, бұл кісілер ескерту алады және айыппұл салынатын болады.

Айыппұлдың мөлшері де аз емес. Қабылдайтын тарап 3 күн ішінде хабарламаған жағдайда 10 мен 20 АЕК көлемінде айыпұл төлеуге міндетті.Бұл шамамен  26 мыңнан 53 мың тг-ге дейін.  Рұқсат қағазсыз 57 мемлекет азаматы 30 күн Қазақстанда тіркеусіз бола алса, Еуразиялық экономикалық одаққа енетін елдер үшін 90 күн визасыз еркін жүріп-тұруға рұқсат етілген.

ЕРМЕК НҰСЫРБАЕВ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ресейлік азаматтар жиі келетін шетелдіктер болып саналады. Бұрын олар визасыз Қазақстанда 30 күн болса, енді заңға сәйкес 90 күнге дейін ұзартылып отыр.

2019 жылы облысқа 22 мыңнан аса шетелдік азамат келсе, оның 14 мыңы Ресей мемлекетінен   екен.  Айта кеткен жөн, Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат бір жылға ғана беріледі.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...