ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

СИНОПТИКТЕР БОЛЖАМЫ

20:45, 4 қыркүйек 2019

5-6шы қыркүйек күндеріне казгидромет мамандары дауылды ескерту жариялады. Оңтүстіктен келген циклонның әсерінен қатты ЖЕЛ ТҰРЫП, жауын-шашын болуы мүмкін.  Жалпы  қыркүйек айында құбылмалы ауа-райы күтілуде. Ауаның орташа айлық температурасы +10+11 градус.

Бірінші онкүндікте ауа температурасы +10 градусқа дейін төмендесе, ал екінші және үшінші онкүндіктің соңына қарай  күн райы жылынып 28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жауын-шашынның айлық мөлшері  25-34 мм.  Бірінші және екінші онкүндіктің  ортасында кей жерлерде шығыСТАН соғатын желдің екпіні  15/20 м.с. болмақ. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ 2003 жылы 3 қыркүйек күні өңірімізде температура бағамы +34 градусқа дейін көтеріліп,  аптап ыстық болған екен.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ МЕТЕОБОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- 5-6 қыркүйекте облыс аумағы оңтүстіктен келген циклонның әсерінде болады. Соған байланысты облыс бойынша дауылды ескерту хабарландырылды. 6 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар