Синоптик мамандардың болжамынша, сәуір айының 1-і мен 4 күндері аралығында еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жауады.
Сол себепті Солтүстікқазақстан мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар мен өзен-көлдердегі мұздар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.Ал бұл - су басу қауіпіне әкелетіні сөссіз. Сондықтан да, мамандар тұрғындарға төтенше жағдайлардың алдын алу үшін іс шаралар қабылдауға кеңес береді.