ШҰҒЫЛ! ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

СҚО-ДА ӨТКЕН АПТАДА 44 ОҚЫС ОҚИҒА ТІРКЕЛДІ

20:40, 29 маусым 2020

Солтүстік Қазақстан облысында өткен аптаның ішінде 50-ге жуық оқыс оқиға тіркелді. Өкінішке қарай адам шығыны бар. Мұнымен қоса, құтқарушылар 7 адамның өмірін аман алып қалды. Бұл жайында  облыстық ТЖ департаментінде  өткен брифингіде өңірдің бас құтқарушысының орынбасары Игорь Жуков мәлім етті.

Маусымның 26-ы күні М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында екі қабатты үйде өрт шығып, қызыл жалын қас қағымда 100 шаршы метрді жалмаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар 1949 жылы туған үй иесін аман алып қалды. Бірақ, Ғ. Мүсірепов ауданында адам шығыны болды.  

ИГОРЬ ЖУКОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Чернозубовка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Салдарынан үйдің шатыры толығымен күйіп кетті. Сонымен қатар, пәтердің төбесі де айтарлықтай зақымдалған. Құтқарушылар өртті ауыздықтаса да, 1982 жылы туған жігіт сол жерде тіл тартпай кетті.»

Сонымен бірге М.Жұмабаев ауданындағы Булаев қаласында қоғамдық жұмыстарды жүргізу кезінде 1960 жылы туған адамның денесіне кесілген ағаш құлап кетіп, алған жарақаты тым ауыр болып, қаза тапты. Тағы, маусымның 28-і күні «112» нөміріне қала тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Әбден сары уайымға түскен ата-ана баласына шұғыл көмек көрсетуді, атап айтқанда, саусағынан сақинаны шешіп беруін сұраған. 

ИГОРЬ ЖУКОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бұл оқиға «Жұмысшы» кентінде орын алған. 2009 жылы туған бала ойнап жүріп,  бармағына металлдан жасалған сақинаны тағып алып, оны шеше алмаған. Кейін ол ісіп кеткен. Ең алдымен ата-анасы сақинаны өздері алып көрмек болған. Бірақ, еш нәтиже шықпаған. Одан соң олар бізге хабарласты. Мамандар лезде жетіп, бірнеше минуттың ішінде сақинаны кесіп тастады.»

Өткен аптада облыс аумағында  44 оқыс оқиға тіркелді. Мамандардың сөзіне қарағанда, оқиғалар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан орын алып жатады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕЗЕКТЕ ТҰРМАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
17:15, 18 қыркүйек 2020
КЕЗЕКТЕ ТҰРМАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИГЕРІП ЖАТЫР
13:03, 18 қыркүйек 2020
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
17:22, 17 қыркүйек 2020
ОБЛЫСТА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ  ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
20:31, 14 қыркүйек 2020
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ МАУСЫМДЫҚ ЕКПЕ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...