ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

СҚО-ДА «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» АНЫҚТАЛДЫ

20:37, 3 тамыз 2020

Солтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Үздік ауыл әкімі» өңірлік байқауы аяқталды. Аталмыш конкурсқа қатысуға 30 ауыл әкімі ниет білдірген. Сонымен қай ауылдың әкімі үздік атанып, республикалық кезеңге жолдама алды? Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков тарқатсын.

Облыста «Үздік ауыл әкімі» байқауы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат - ауылдың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеп жүрген ауыл әкімін анықтау болып табылады. Жалпы конкурсқа 30 ауыл әкімі ниет білдіріпті. Бірақ, соның 23-і талаптарға сәйкес келген.

БАҚЫТ ЖАНБУЛОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

«Конкурс барысында үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтауы бойынша қорытынды берілді. Мұнымен қоса, әкімдердің халықпен кері байланыс орнату жөніндегі қызметі бағаланды. Сонымен қатар, байқауға қатысушылар «Үздік ауыл әкімі» атағына неге мен лайықпын» тақырыбында эссе жазып, ауылдық округті дамытуға бағытталған жұмыс дайындады. Тағы, бұқара әлеуметтік желі арқылы онлайн-дауыс берді.»

Конкурстың қорытындысы бойынша Зеленый Гай ауылдық округінің әкімі Гүлбаршын Батенова жеңіске жетті. Оның жобалық жұмысы басқаларға қарағанда үздік атанды. Сондай-ақ, ол онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша да көп дауыс жинаған. Енді Гүлбаршын ханым республикалық конкурсқа қатысады. Жалпы ауыл атқамінері Зеленый Гай  ауылдық округін 2003 жылдан бері басқарып келеді.

 ГҮЛБАРШЫН БАТЕНОВА, ЗЕЛЕНЫЙ ГАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ТАЙЫНША АУДАНЫ:

 - «Үздік ауыл әкімі» байқауы жайында әлеуметтік желіде оқып, бірден қатысамын деп шештім. Өйткені мемлекеттік қызметте көп жылғы жұмыс тәжірибем бар. Осы салада 30 жыл бойы еңбек етіп келемін. Конкурс барысында мен «Дені сау ұлт- дені сау Қазақстан» тақырыбында жоба жаздым. Болашақта ауылда фитнес залдан бөлек, массаж кабинетін ашқымыз келеді. Осылайша, ауыл тұрғындары қалаға бармай-ақ, осында емделе алады. Жалпы, Зеленый Гай ауылдық округінде 2 мыңға жуық адам  түтін түтетіп отыр. Ауылдық округте өмір сүруге бар жағдай жасалған деп айтуға болады. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға алдағы уақытта да барымды саламын.»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мамандарының сөзіне қарағанда, «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы қыркүйек айында өтетін болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...