СҚО Экология департаменті «Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2020 жылға арналған өтініштерін қарау» тақырыбында онлайн конференция өткізді. Экология департаментіне өткен жылы 78 өтініш түскен. Оның 33 мәлімдеме, 35 шағым және басқа да түрлі сұрақтар бойынша.
Солтүстікқазақстандықтар ағынды сулар мен өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға заңсыз лақтырылуына шара қолдану жайында өтініштер жасаған. 7 өтініш ауаның ластануына қатысты жолданған. Тұрғындарды қалалық полигондардағы қалдықтардың отқа орануы толғандаруда. Ал 16 шағым өндіріс пен тұтынудағы қалдықтарға қатысты жолданған. Сонымен қатар облыс аумағында рұқсат етілмеген жерлерде қоқыстардың үйіліп жатқаны да тұрғындар назарынан тыс қалмапты. Құрылыстардың заңды түрде салынып жатқандығы және иелерінде қалдықтарды қоршаған ортаға тастау жайында рұқсат құжаттары барын тексеру жайында да өтініштер түскен.
ТОЛҚЫН ЖҮНІСОВА, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
- Қарастырылған шағымдардан 19 қанағаттарлықтай, 33 сұрақ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Анонимді өтініштер қаралмайды. Жеке тұлғалар өтініш жазғанда аты-жөнін тегін және жеке сәйкестендіру нөмірі мен электронды мекенжайын көрмсетуі шарт. Ал заңды тұлғалар электронды мекен жайы кәсібінің идентификациялық нөмірі көрсетуі міндетті.