ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

СҚО ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІНІҢ 46 %-НЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫ ӨСЕДІ

20:40, 12 маусым 2018

1-ші шілдеден бастап облыстағы 102 881 зейнеткердің 46 пайызының мемлекеттік базалық зейнетақысы өседі. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды. СҚО бойынша  әлеуметтік қорғау және көші-қон, еңбек Комитеті департаментінің жетекшісі  Мереке Мұхамедьяровтың айтуынша,  шілдеден бастап, базалық зейнетақы мөлшері орташа 1,8 есеге өседі . Ол әр адамның еңбек өтіліне байланысты болмақ. 

Құрметті демалысқа енді шығып жатқандардың ақшалары жаңа әдіспен есептеледі. Олар басы артық құжат жинамайды. Барлық деректер зейнетақы қорының  базасында тіркелген.  Сонымен қатар брифингте атаулы әлеуметтік көмектің төленуіне қатысты  өзгерістер де айтылды. 2018 жылдың бірінші шілдесінен жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілетін болады. Бұл - бірінші топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жаңа   мемлекеттік жәрдемақы.

МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, СҚО БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН, ЕҢБЕК КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 30 жыл одан аз болса немесе мүлдем болмаса онда оның мөлшері ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтылады. Ал 33 жыл және одан да көп болған жағдайда ол ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасына яғни  28284 теңгеге тең болады.

ГҮЛБАХЫТ МАНАБАЕВА, СҚО БОЙЫНША  ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН, ЕҢБЕК КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жәрдемақы бала кезінен 1ші топтағы мүгедек азаматтың өтініш берген күннен бастап,  бала кезінен бірінші топ мүгедектігі белгіленген барлық кезеңге тағайындалатын болады. Егер бала кезінен бірінші топтағы  мүгедек азамат әрекетке қабілетті болса, өтінішті өзі келіп бере алады. Егер әрекетке қабілетсіз болса, керек құжаттармен өтінішті қамқоршысы немесе заңды өкілі келіп тапсыра алады. 

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, зейнетақы мөлшері, зейнеткерлер

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:40, 19 маусым 2018
ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН
14:35, 14 маусым 2018
ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН
Толығырақ...
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
18:03, 15 маусым 2018
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...