ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ ЖАЛҒАСУДА

20:54, 15 қараша 2018

Бүгінде, «оңтүстіктен солтүстікке көшу» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Республикамыздың солтүстік өңіріне өз еркімен барғысы келетін отбасыларға мемлекеттен айтарлықтай қолдау көрсетіледі.Осы бағдарлама барысын түсіндіру мақсатында Шымкентке Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы келді. Мегаполис әкімі Ғабидулла Әбдірахымовпен солтүстіктегі бос орындарға  күнгей өңірдің халқын жұмысқа тарту бойынша келіссөз жүргізді.

Түркістан облысы бойынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған тұрғындардың қатары аз емес. Мәселен, 2016 жылы облысымызда 167, өткен  жылы 745 отбасы қоныс аударған. Биыл облысымыздан 10 айдың ішінде  1706 квота бөлініп   1440 адам көшірілген. Олар көшу үшін берілетін субсидиямен  толық қамтамасыз етілген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СҚО ӘКІМІ

Түркістан облысынан биыл қоныс аударған 263 отбасының  63-і Қостанай облысына, 50 отбасы Шығыс Қазақстанға қоныс аударса, 43 жанұя Солтүстік Қазақстанды таңдаған.  107 жанұя Павлодар облысына орналасқан. Жоғарыда айтылған, 1440 адамның 521-і еңбекке жарамды. Ал, 376-сы жұмыспен қамтылған. Айта кетсек, Солтүстікте ауыл шаруашылығы мамандары  мен бюжеттік қызметкерлер тапшы.

ҒАБИДУЛЛА ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов алдағы уақытта  солтүстікке көшкен отбасылардың хал-жағдайын көріп келуге баратынын жеткізді. Айта кетейік бұл аймақта  «Серпін» бағдарламасы бойынша да  мектеп бітіруші түлектер тегін оқумен қамтылып, жұмысқа орналаса алады.

С:ЖАРЫЛҚАСЫНОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...