ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

СПОРТ-МЕНІҢ АУЛАМДА

20:35, 9 тамыз 2019

Өңірімізде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Спорт-менің ауламда» атты акция басталды. Шараның мақсаты облысымыздың  намысын дүбірлі додаларда қорғап жүрген атақты спортшыларды жастармен кездестіріп, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттау.  Бүгінде Ухабов көшесінің жастары грек-рим күресінен халықаралық спорт шебері  Аманғали Бекболатовпен кездесті. 

«Спорт-менің ауламда» акциясы тамыз айының соңына дейін жалғаспақ. Шара барысында облысымыздың атақты спортшылары жастармен кездесіп, өздерінің тәжірибелерімен бөліспек. Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен 3 дүркін Қазақстан чемпионы және әлем чемпионатының  қола жүлдегері. Аталмыш спорт түрімен бала күнінен айналысады. Оның айтуынша Солтүстік Қазақстанда грек-рим спорты өте жақсы деңгейде  дамыған.

АМАНҒАЛИ БЕКБОЛАТОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

Бұл спорт түрін таңдаған себебім өзіме кішкентай кезімнен единоборство ұнайтын. Осындай кездесулер өзіме ұнайды. Қазіргі кездегі нашақорлықтардың алдын алу үшін осындай шараларды өткізу өте маңызды.

Қазіргі уақытта Аманғали қыркүйек айында еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда өтетін әлем біріншілігіне қызу  дайындық үстінде.Өңір мақтанышымен кездесуге келген жастардың да қарасы қалың болды.

- Біздің аулаға бүгін атақты спортшы келеді дегенін естіген бойда осы спорт алаңына келдім. Аманғалидың қандай адам екені, қалай осындай дәрежеге жеткені туралы білгім келді.

- Бізге атақты спортшы келіп тұр. Мен оның бізге не көрсететін көргім келіп тұр.

Бізге атақты спортшы келді. Үлкен рахмет. Осындай шаралар көп болсын.

Шара соңында өңір мақтанышы жастарға шеберлік сағатын өткізіп,  грек-рим күресінде өзі қолданатын түрлі әдістерді де үйретті.  Акция барысында келесі кездесу жексенбі күні  Винокуров  спорт сарайында «Құлагер» хк мүшелерімен өтеді деп жоспарланған.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар