ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА ТЕКСЕРІЛДІ

13:05, 13 ақпан 2020

Солтүстік Қазақстан облысында 20 студенттік жатақхана бар. Оның 13-і Петропавлда орналасқан. Бүгінгі күні студенттердің тұрмысы қалай? Оны «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері, қалалық полиция басқармасы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері арнайы рейд барысында тексерді. Оған әріптесім Нұрбол Балғабеков та қатысып қайтты.  

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

«Биылғы жылдың алғашқы рейді Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінен басталды. Мұндағы жатақхана 270 орынға шақталған. Қазіргі таңда студенттер үйінде 230-дан астам адам тұрып жатыр.»

Бұл жатақхана 1973 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеуден өтпепті. Жыл сайын жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.  Әр қабатта ас  дайындау бөлмесі,   жуынатын бөлме қарастырылған. Қазіргі таңда  колледжде 1 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

НАТАЛЬЯ БЫВАЛЬЦЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бүгінгі күні студенттер үйінде орын тапшылығы байқалмайды. Ауылды аймақтардан келіп оқитын студенттерге бар жағдай жасалған. Олар далада қалмайды. Жатақхананың төемақысы да қымбат емес. Айына үш жарым мың теңге. Ал, жетім балалар тегін тұрады. Біз жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Былтыр, барлық терезелер ауыстырылды. Сондай-ақ, бөлмелердің есіктері де жаңарды. Мұнымен қоса, жуынатын бөлме де жөндеуден өтті.»

Жалпы, рейд жұмыстары жылына бір рет жүргізіліп тұрады. Басты мақсат- Елбасының бес әлеуметтік бастамасында айтылған міндеттерге сәйкес студенттердің тұрмысын тексеру. 

- Хотели узнать по состоянии общежитии. Не каких жалоб у вас нет?

- Нету.

- Хотели узнать ваше мнение.

- Все хорошо.

Студенттер бір сөзбен ғана «бәрі жақсы» деп қайырды. Айғаным Темірқожа- Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің үшінші курс студенті. Ол арнайы Қызылорда облысынан осында білім қуып келіпті. Жатақханада тұрып жатқанына  екінші жыл. Осы аралықта ешқандай қиындық болмағанын айтады.

АЙҒАНЫМ ТЕМІРҚОЖА, ПЕТРОПАВЛ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:​

Жатақхананың іші жақсы. Жылы. Қыста жылы болады. Студенттерге өте ыңғайлы деп те айтсам да болады. Осы жылы кір жуу машиналарын жаңадан алып келді. Барлығы жақсы жұмыс істейді.

Тексеріс барысында арнайы мониторниг тобының мүшелері бірқатар ұсақ бұзушылықты анықтады. Жатақханада тоқ қыстырғыштар аз. Сондай-ақ, бөлмелердегі жарық шамдары - көмескі.

БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,  «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Тексеріс барысында студенттерден шағым келіп түскен жоқ. Бірақ,  ұсақ бұзушылықтар жоқ емес, бар. Біз бұл проблемаларды қадағалаушы органдарға жеткізетін боламыз. Жалпы, қаламызда 13 жатақхана бар.»

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...