ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАР ТЕКСЕРІЛДІ

18:26, 10 қыркүйек 2019

Қазіргі таңда өңірде 20 студенттік жатақхана бар. Оның 6-ы облыс орталығында орналасқан. Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша сауалнама жүргізу және студенттерге жатақханада тұруға қандай жағдайлар жасалғанын анықтау мақсатында  «Nur Otan» партиясы және Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мониторинг жүргізді. Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалы.  

Жаңа оқу жылының басталғанына апта болды.  Кешкі сағат 8. Университеттен жатақханаға оралып, бірі кешкі астың қамымен жүрген, енді бірі сабақ оқуға отырған қыз-жігіттер күтпеген тексеріске аң-таң болды.

У нас сегодня проходит мониторинг. Мы смотрим проживает ли здесь тот человек который составил договор.

Мәселен М.Қозыбаев ат. СҚМУ-нің 2ші жатақханасы 600 орынға шақталған. Қазір мұндағы 152 жайлы бөлмеде 545 студент тұрып жатыр. Әр қабатта 2 ас бөлмесі, 2 санитарлық торап, 2 жуынатын бөлме бар. Ал, 1-ші жатақханада 306 жатын орын қарастырылған. 360 орын бар 3-ші жатақханада өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы жоғары оқу орнында қазіргі таңда 7 мыңнан аса студент білім алуда. Соның ішінде күндізгі бөлімде 5 мыңнан аса қыз-жігіт оқиды. Әрине, барлығын жатақханамен қамту мүмкін емес. Сол себепті, қазан айында Театр көшесінде жаңа жатақхананың құрылысы басталмақ.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Жатақхананың құрылысын қаржыландыратын инвесторларымыз бар. 300 орынға шақталған жаңа жатақхана Теат көшесі 36 мекенжайында орналасады. Оның құрылысын 2020жылдың тамыз айына дейін аяқтаймыз деген үміттеміз. Жобаның құңы шамамен 650 млн теңге.

4 курста оқитын Гүлжан Әнуарбекова «Серпін» бағдарламасымен білім алады. 3-ші жатақханының старостасы болғанына биыл 4-ші жыл. Гүлжанның айтуынша оның басты міндеті комендантқа көмектесіп, мұндағы тәртіптің сақтаулын қадағалау.

ГҮЛЖАН ӘНУАРБЕКОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Біздің негізгі мақсатымыз тазалық сақтау, тексеру жұмыстарын жүргізу. Бізде 16 4 адамдық комната бар. 16 2 адамдық комната бар. 1 этажда 96 адам тұрады.

Жоғары оқу орны сонымен қатар, ұстаздарды да жатақханамен қамтамасыз етеді. 4-ші жатақханада мәселен толығымен оқытушылар тұрады. Әсет Ізденов жоғары медицина мектебінің ашылуына орай Қарағандыдан арнайы шақыртылған екен. Жұбайы екеуі университетте жұмыс істейді.

ӘСЕТ ІЗДЕНОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ :

- Коммуналды қызметтерді және аренданы төлейміз. Пәтер жалдағаннан тиімді. Арзан, әрі жұмыстың қасында. Сол себепті, өз баспанамызға ақша жинауға мүмкіндігіміз бар.

Жалпы мұндай тексерістер аудандардағы жатақханаларда да өткізіледі деп жоспарланған. Басты мақсат - сыбайлас жемқорлық фактілерін және онда бөгде адамдардың тұру-тұрмауын анықтау.

ЕКАТЕРИНА СТАРОСТИНА, «QYZYLJAR – ADALDYQ ALANY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жатақханалардың барлығы таза әрі жайлы. Байқағанымыздай студенттер өздері тазалықты сақтап, тәртіпті қадағалайды.Жуынтын бөлме, асүй бар. Бұзушылықтар анықталған жоқ. Тек мүмкіндігі шектеулі жандарға пандус орнатылмаған екен.

Студенттер ай сайын жатақханадағы орын үшін шамамен 8 мың теңгедей төлейді. Жақында облыста тағы 3 жатақханының құрылысы басталмақ. Ал тексеріс барысында студенттік жатақханаларда бөгде адамдардың заңсыз тұру фактілері анықталған жоқ. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...