ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

СУ ҚОЙМАЛАРЫНА ШАБАҚТАР ЖІБЕРІЛЕДІ

17:59, 12 қыркүйек 2019

Жақында облыстың су қоймаларына 1 млн 600 мың тұқы балығының дернәсілдері жіберіледі.  Жоспар бойынша биыл жергілікті көлдер 46 млн астам балықпен толығуы қажет. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 42 млн астам теңге бөлінген.

Петропавл балық тәлімбағында 400-ден астам тұқы балығының аналығы бар. Олар көктемнің соңғы айында уылдырық шашуды бастайды. Бір балық  300 мыңнан 1 миллионға дейін дернәсіл береді екен.

РУСТАМ ЖАНАБАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ  БАЛЫҚ  ПИТОМНИГІ» РМҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз олардан алдымен  уылдырық аламыз. Ұрықтандырып, содан кейін  шабақтар пайда болады. Кейіннен  кәсіпорын аумағында орналасқан тоғандарға жібереміз.  Маусым айынан қыркүйек айына дейін оларды өсіреміз. Жасанды жеммен қоректендіреміз. Олар басында  3 грамм ғана болса, қыркүйек айының соңында салмақтары 12 грамға дейін жетеді.  

Бүгіннен бастап мына су жәндіктері  табиғи ортаға бейімделеді.   Алдымен арнайы комиссияның қатысуымен орташа салмағын анықтайды. Кейіннен  тормен аулап, оларды сұрыптайды. Бірнеше сағаттан соң  мамандар  тұқының шабақтарын Сергеев су қоймасына жеткізіп, өзенге жібереді.

ЕРЖАН ЖҰМАБАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ  БАЛЫҚ  ПИТОМНИГІ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ:

- Күзде  мемлекеттік тапсырысқа сай біз 1 млн 66 мың бас  тұқы балығын суға жібереміз. Оның 480 МЫҢҒА ЖУЫҒЫ Петропавл, ал 586 МЫҢНАН АСТАМЫ Сергеевкадағы су қоймасына жіберіледі.Жаз бойы оларды өсіріп, баптаДЫҚ. Дайын болғанда суға жібереміз.   

Бір айда дернәсілдер 10 см дейін  өседі екен. Қазан айында олардың салмақтары  25 граммға дейін жетеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылы табиғи су қоймаларына тұқы балықтарын жіберу үшін 7 млн астам теңге бөлініпті.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...