ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

СУ ҚОЙМАЛАРЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ ЖИІЛЕП КЕТТІ

13:02, 8 тамыз 2019

Өткен аптадан бері төтенше жағдайлар және полиция департаменттері  мамандарының көңілі елең-алаң. Адам шығыны орын алып жатыр. Іс-түзсіз кеткен  солтүстікқазақстандықтардың мүрдесі су қоймаларынан табылып жатыр. 

25 жастағы жігіт Есіл өзені маңында достарымен демалып жүріп, ойда-жоқта жазым болды. Куәгерлердің айтуынша, бетоннан аяғы тайып кетіп суға құлаған.

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеше тағы бір жігіттің мүрдесі Петропавл гидроторабынан табылды. 29 жастағы қала тұрғыны Сағындық Салықов тамыздың 2-сі үйінен шығып кеткен. Содан бері іздеуде болған еді.  Осыған ұқсас оқиға Қызылжар ауданына қарасты Соколовка селосында тіркеліп отыр.  62 жастағы ер адам балық аулауға шығып, үйіне оралмаған. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің  жеке құрамдары, жергілікті әкімдік пен еріктілер жұмылдырылды.

 ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы соңғы күндері су қоймаларында қайғылы жағдай жиілеп кеткен. Бұл фактілер төтенше жағдайлар департаментін алаңдатып отыр. Синоптик мамандардың мәліметінше, алда ыстық күндер күтілуде. Қазіргі таңда демалыс аймағында құтқарушы, медициналық қызметкер мен полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Олар сол маңда судың температурасы 20 градустан төмендегенше дейін болмақ.  Жалпы шомылу маусымы басталғалы облыс аумағында 6 адам ажалын судан тапты. 3-еуі бала. 24 адамды мамандар  құтқарып қалды.

Берік ҚАСЕН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар