ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

СУДА САҚТЫҚ КЕРЕК

20:31, 1 тамыз 2019

Ыстық күндер демалушыларды қуантуда. Күнге қыздырынып, суға шомылуға әлі уақыт бар. Алайда, күн өткен сайын судың температурасы төмендеп барады. Осыған ретте  құтқарушылар өзен-көл жағасында демалушыларға абай болуға шақырады.  

Шомылу маусымының жабылуына санаулы күн қалды. Қалалық жағажайларға келушілердің қатары сиреген. Дей тұрғанмен, ТЖ және Полиция департаменттерінің қызметкерлері рейд шараларын жалғастыруда. 

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шомылу маусымы басталғалы 776 рейдтік шара өткізді. Нәтижесінде 247 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан ТЖД мамандары 20 солтүстікқазақстандықты суда құтқарып алған. 13-і бала. Соңғы төтенше жағдай кеше «Пестрое» көлінде орын алды. 14 жасар бала белгіленген меженің ар жағына малтып, кейін жүзуге шамасы жетпей қалған. Батып жатқан жасөспірімді құтқарушы Расул Жиляев дер кезінде аңғарған.

 РАСУЛ ЖИЛЯЕВ, СҚО ТЖД БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

Балаға қайықпен жақын жүзіп барып, судан шығарып алдым.  Жасөспірім аздап шошынып қалған. Балалар көбінесе бос мақтан үшін алысқа ұзап жүзеді. Осылайша, достарына жақсы жүзетінін көрсеткісі келеді.

Жергілікті әкімдіктер белгілеген демалыс аймақтарында құтқарушылар тамыз айының соңына дейін кезекшілік атқарады.  Синоптик мамандардың болжауынша, өзен-көлдер суының температурасы үшінші онкүндіктің ортасына таман төмендейді. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...