ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

СУДЬЯЛАРҒА ТАЛАП КҮШЕЙДІ

18:01, 29 қараша 2019

 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа  арнаған жолдауында сот жүйесінің  сапасын арттыруды тапсырған болатын. Осы бағытта өңірде жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, бүгінгі күні «Төрелік» бағдарламасы аясында кез-келген адам электронды форматта сайтқа кіру арқылы барлық қажетті мәліметтерді алып және сот ісі қалай жүріп жатқанын біле  алады.

Сондай-ақ, сот шешімдері халыққа түсінікті болу үшін барлық судья тұрғындарға арнайы терминдер арқылы емес, қарапайым ауызекі тілде түсіндіруге міндетті.Және заман талабына сай қазіргі уақытта TrueConf қосымшасы арқылы облыс орталығынан шалғай тұратын аудан халқы онлайн түрде сотқа қатыса алады. Мамандардың айтуынша, бастапқыда аталмыш қосымшаға деген сенімсіздік көп болған. Сот жүйесі жұмысының сапасын арттыру үшін  судьяларға талап күшейді.Бүгінгі күні облысқа 10 судья жетіспейді.

НҰРЛАН НҰРАЛИН, СҚО  СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

- Осы жылы судьялардың құрамы назарға алынды. Сапа мен ашықтықты, және ең бастысы жауапты қызметкерді судьялыққа алу үшін талап та күшейтілді. Жұмысқа кіру үшін үміткерлердің барлығы арнайы тест тапсырады, белгілі балл жинауы керек. Жұмысқа орналасу талабы неғұрлым күшейген сайын бұл орынға жастар арасында сұраныс артты. Көбіне 40жасқа дейінгі азаматтар өтініш жібереді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...