ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУҒА ӘЛІ ЕРТЕ

15:04, 12 маусым 2019

Облыста әзірге күн айтарлықтай ыстық емес. Тиісінше, өзен, көлдер жылына қоймаған. Казгидромет мамандары күн сайын су қоймаларының температурасын біліп отырады. Суға шомылуға әлі ерте дейді. ТЖД мамандары жағажайларда тұрғындарды қауіпсіздік шараларымен таныстырып, жадынама парақшаларын таратып жүр.

Жыл сайын 10,20 –дан астам адам суға кетіп жатады. Мамандардың айтуынша, ересектердің дені жағажайда алкогольдік ішімдік ішіп, балаларын назардан тыс қалдырады. Масаң күйде балық аулап жүргендер де көп жағдайда тілсіз жаудың құрбаны болады. Осындай жағдайларды болдырмаудың амалымен ТЖД мамандары демалушыларға жадынама парақшаларын таратып жүр. 

ҚУАТ МАХМЕТОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

-  ТЖД күн сайын облыс аумағындағы су қоймаларында рейдтік шаралар өткізіп жатыр. Бұған полицейлер мен еріктілерді тартамыз. 

Биылғы мамыр-маусым айларында күн құбылмалы. Тиісінше, өзен, көлдер де жылына қоймаған. Сондықтан шомылуға әлі ерте. Казгидромет мамандары күн сайын өңірдегі су қоймаларының температурасын біліп отырады екен.

ӘЛІБЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ИНЖЕНЕР ГИДРОЛОГЫ

- Дәл қазір термометрдегісынап бағанасы 17 градусты көрсетіп тұр. Демек, су салқын. Есіл өзенінің суы жылынғанша дейін біразкүн күту тұруға тура келеді. Сынап бағанасы 22 градусты көрсеткенде суға шомылуға болады. 

Қазіргі таңда Есіл өзені және Пестрое көлі жағалауында құтқарушы, полицей мен медбикелер тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Суға шомылу маусымының ашылуы туралы жергілікті атқарушы билік хабарлайды. Оның датасы әзірше белгісіз.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар