ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

СҮЙІНДІК БАТЫРДЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

20:31, 1 тамыз 2019

Елбасы Н. Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Жамбыл ауданына қарасты  Орталық ауылында ұлан-байтақ жерімізді, ел намысын жаудан қорғаған Сүйіндік Батырдың жерленген жері табылды. Бүгін батырға арналып ескерткіш тас орнатылды. Рухани іс-шараға Сүйіндік батырдың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, Ұлттық ұлан әскери институтынынің курсанттары қатысты.Әріптесім толықтырсын.

Рухани жанғыру бағдарламасы мен Ұлы даланың жеті қыры мақаласы қазақ елінің ұмытылып бара жатқан, зерттелмеген тарих тұлғаларының есімдерінің жаңғыруына үлкен септігін тигізіп келеді.  Осының аясында жылдар бойы деректер ізделіп, мәліметтер жиналып, 2017 жылы Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек батырлардың бірі Сүйіндік батырдың жерленген жері табылады. Араға жылдар салып, батырдың ұрпақтары ата-бабасының басына тас орнатты.

Қазақ елінің басқа да білекті де, қайратты жауынгерлері сынды Сүйіндік батыр туралы ақпарат аз. Сондықтан болар, профессор Жанбатыр Сартаев бұл мәселені өз қолына алып,  өмірін қазақ батырларын зерттеуге арнаған.

ЖАНБАТЫР СҮЙІНДІК, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:

2017 жылдан бастап Сүйіндік Дәулетімбет ата-бабамызды, зерттеп, мен ұлттық библиотекадан көп мәлімет алдым. С. Мұқановтың жазбаларын таптым сол тарихи көп мағлұматтарды тауып, мынау Плещаков Анатолий скгудың професоры....жұмыс істеп, осы жерге келіп, тауып, абсерватория арқылы зерттеп, осы батырды таптық. Содан кейін мәліметтерді жинай бердік, февральдің бірі күні конференция өткізіп, басына белгі қоюға ұғымға келдік. Елдің азаматтары көмектесті, тиын тебен жинап тасты орнаттық.

Бәйтерегім Сүйіндік

Атыңнан сен түскенде

Қалың ел боп күйіндік....деп Абылай хан жырлаған, Сүйіндік батыр 18 ғасырда өмір сүрген.  Күшпен, батылдылығымен ерекшеленіп көзге түскен, Сүйіндік Дәулетімбет Абылайдың оң қолы болады. Туған Қазақ елінің әр өңірінде шайқасқан батыр, Батыс облысында болған соқтығыстардың бірінде жараланап, Абылайханға туған жеріне жерлеуді аманат еткен екен. Елді мыңдаған жоңғарлардан қорғап, өмірінің соңғы сәтіне дейін ат үстінен түспеген. Осындай қайраттылықпен, жауға қасқайып қарсы тұра білген батыр жайлы жас ұрпақтың бойына сіңдіру мақсатында ҚР Ұлттық Ұлан әскери институтының курсанттарыда тарихи шараға қатысты.

САВЕРДИН ИМИРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сүйіндік батыр елім, жерім деп шайқасқан.  Жаудан қорықпай, ержүрек қолбасшының рухына тағзым ету, бабаларымызды біліп, тану үшін, кімдердің арқасында ұлан байтақ жерде өмір кешіп жатқандықтарымызды естен шығармау үшін Ұлттық Ұлан әскери институтының студенттерін әкеліп отырмыз.

Елбасы Н.Назарбаевтың  мақаласында   әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттерін өскелең ұрпақ зерделеп өссе, тұлабойда шынайы патриотизмнің отын жағар еді» делінген. Шынында да бүгінгі батырлар бұл әскери қызметкерлер. Бұл шараның маңыздылығын түсінген әскерилер, батырларды үлгі тұту қажеттігін біледі.

- Сүйіндік батыр қазақ даласына ежелден танымал батыр. Сүйіндік батыр ол патриотизмнің символы деп есептейміз.  Біз үшін осындай іс-шараға қатысып, ой санамызда дамытуға алып келген үшін әскери институт басшыларына алғысымды айтамын.

- Сүйіндік батыр ол қазақ жеріне үлкен үлестер қосқан және де жоңғар қазақ соғыстарында көптеген ерліктер көрсеткен. Біз бұл батырға қарап үлгі өнеге аламыз және де осы жиын арқылы патриоттық сезім тудырады.

Елі мен жерінің бостандығы үшін қандай болмасын жаудың қақ алдында қарсы тұрып, намысын таптатпаған батырларды, одан тараған ұрақ әрдайым жадында сақтау мақсатында Сүйіндік батырдың рухына тағзым  етіліп, ескерткіш басында дұға оқылды, ас берілді.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...